Пайдаланылган әдебиеттер:
1. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі оқыту
әдістемесі. Алматы. Ана тілі, 1996. – 20 б.
2. Әбдікәрімова.Т., Әбдіғалиева.Т., Шаймерденова.К. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі. Алматы, 1999.
3. Бектуров.Ш. Бектуров.А. Казахский язык. Алматы, Рауан.1994 -240б.
САБАҚТЫҢ ОҚУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУДЕ АКТ ТИІМДІЛІГІ
Мурзабаева Баянсулу Сериковна
№88 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі
Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі
мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Білім беру
жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рӛл атқарады.
Болашақта ӛркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі ӛзекті
мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде
жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде
қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік кӛрсеткіштерінің бірі - жалпы
педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық
тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму
деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік
стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті
болуы тиіс.
Грамматика - негізгі мақстатқа жету құралы. Олай болса, тілдердің
құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, неміс тілі флективті, ал қазақ тілі
агллютинативті тіл, неміс тілді аудиторияға қазақ тілінің грамматикасын
формулалар арқылы оқыту ӛте тиімді. Дайын формуларды тіл үйренуші есте
сақтайды да, осы формула арқылы кез келген ӛзі білетін, сӛздерін
грамматикалық дайын қалыптарға салып, оларды тіркестіріп, сӛйлемдер құрай
алады.
Сонымен қатар қазіргі кезеңде компьютерлік технологиялар қоғамдық
ӛндіріс, ғылым және білім саласында белсенді қолданылады. Компьютерлік
технология дегеніміз - компьютерлердің кӛмегімен ақпаратты жинақтауды,
ӛңдеуді, сақтауды, таратуды және кӛрсетуді қамтамасыз ететін әдістердің,
ӛндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың
жиынтығы.Компьютерлік технологиялар типтік бағдарламалық-бағдарланған
бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілетін операциялардың белгіленген
топтарында іске асырылады.
Осы бағдарламалық құралдардың арасында мәліметтердің мәтіндік, кестелік,
графикалық ӛңделуін және ақпараттың (мәліметтер базасының) жинақталуы
мен сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалар, электрондық коммуникация
құралдары, компьютерлік баспа жүйелері, автоматты аудару жүйелері, білім
берудің әр алуан салаларының сараптамалық жүйелері және т.б. бӛлініп
шығады. «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар білім беру және оқу
ӛнімі болып табылмаса да, оқыту құралдары жүйесінің құрамына кіреді. Оларға
мыналар жатады: Интернеттің қолданбалы электрондық ресурстары
(анықтамалық-ақпараттық, ақпараттық-білім беру және мәдени), Интернеттің
білім
беретін
электрондық
ресурстары,
инструменталдық
құралдар
(электрондық оқу материалын жасауға болатын бағдарламалар), Интернеттің
коммуникациялық қызметтері (e-mail, форум, чат)» .
Оқытудың ақпараттық (компьютерлік)технологиясы түсінігінің астарында
білім алушыға компьютердің кӛмегімен ақпаратты дайындау және беру үдерісі
жатыр. Компьютерлік технологияға оқытудың әр түрлі әдістері кіреді:
бағдарламаланған
оқыту,
интеллектуалдық
(проблемалық)
оқыту,
сараптамалық жүйелер, оқу коммуникациясы жүйелері және т.б. оқытудың
ақпараттық технологиясының маңызды сипаттамалары мыналар:
-
компьютерлік жүйелерді меңгерудің теориялық негіздері (бағдарламалау,
проблемалық оқыту, тестілеу);
-
қолданыстағы оқыту құралдары (гипермәтін, мультимедиа, байланыстың
компьютерлік құралдары);
-
инструменталдық жүйелер (бағдарламалау тілі, авторлық жүйелер,
мәліметтер базасы, мәтіндік редакторлар, электрондық пошта және чаттар,
мультимедиа, бейнеконференциялар).
Оқу үдерісінде компьютерді қолданудың негізгі бағыттары мыналар:
модельдеу, тілдік, тілдесімдік, әлеуметтік-мәдени құбылыстарды немесе
үдерістерді кӛрнекті кӛрсету жолдары арқылы оқыту мақсатында қолдану;
-
оқу
материалын
қолдануда
дайындықты
(іскерлікті,
дағдыны
қалыптастыру) ұйымдастыру;
-
дағдыны, іскерлікті, білімді бақылау және бағалау;
-
статикалық ақпаратты жинақтау, ӛңдеу және сақтау;
-
оқу үдерісін ұйымдастыру үшін ақпаратты автоматтандырылған түрде
іздеу;
-
оқытушымен, оқыту орталығымен диалогты және компьютерлік желілер
арқылы коммуникацияны қамтамасыз ету.
Компьютерлік технологиялар негізінде оқытуды ұйымдастыру үшін, үш
негізгі компонент қажет, олар: аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету,
дайындығы бар педагогикалық кадрлар және электрондық оқу материалдары
(мысалы, желілік ресурстар, мультимедиа, тренингтік компьютерлік курстар,
тесттік жүйелер және т.б.). Бұл компоненттердің барлығының маңызы бірдей.
Компьютерлік технологиялардың оқытудағы ерекше қыры оқытуда әр алуан
қолданбалы бағдарламалардың - мәтіндік редакторлардың, орфографияны
тексеру бағдарламаларының, кестелердің, мәліметтер базасының, электрондық
энциклопедиялардың және кітапханалардың, электрондық баспа жүйелерінің,
ойын бағдарламаларының және т.б. қолданылуында болып табылады. Арнайы
дайындалған оқу материалдары білім беру үдерісінде сирек қолданылады.
Тілдерді оқытуда қолданылатын дербес электронды-есептеуіш машина
(ДЭЕМ) қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын бӛліп кӛрсетуге болады:
Бірінші бағыт ақпаратты жылдам ӛңдеуге, жадының үлкен кӛлеміне
негізделген, оқыту үдерісін ақпараттық қолдауға есептелген (электрондық
сӛздіктер, мәліметтер базасы, электрондық кітапханалар).
Екінші бағыт тілдерді меңгерумен және оқытумен байланысты әр алуан
интеллектуалдық үдерістерді модельдеуді кӛрсетеді. Мысалы, оқу материалын
түсіндіру және тұсаукесер жасау, тіл иелерімен қарым-қатынасты модельдеу,
тілдік ортаны модельдеу, тілді меңгеру деңгейін бақылау және бағалау және
т.б. (электрондық оқулықтар, компьютерлік жаттығулар, тесттер).
Үшінші бағыт байланыстың компьютерлік сызықтары арқылы оқытушымен
немесе оқу орталығымен оқу ісі бойынша ӛзара әрекеттің ұйымдастырылуын
кӛрсетеді (форумдар, чаттар, бейнеконференциялар).
Тілдерді оқытатын қашықтық курстарында бұл бағыттардың барлығы қандай да
бір дәрежеде іске асырыла алады.
Қазақ тілін оқытуда компьютерлік оқу бағдарламаларын жасау және қолдану
бірқатар мәселелерді қарастыруды және шешуді қажет етеді.
Соның ішінде:
-
педагогикалық мәселелер (педагогикалық үдерістегі, оқытушы және білім
алушы қызметіндегі, тұсаукесер формаларындағы және оқу материалын
дайындаудағы ӛзгерістер);
-
әдістемелік
мәселелер
(компьютердің
қазақ
тілі
сабағындағы
функциялары, бағдарламалардың және жаттығулардың типтері, компьютерлік
бағдарламалардың басқа оқу құралдарымен ӛзара әрекеті және қатынасы,
оқытуды компьютерлік қолдаудың тиімділігі және т.б.);
-
білім алушылардың, оқытушылардың компьютерлік бағдарламалармен,
бір-бірімен байланыстың компьютерлік сызықтары арқылы ӛзара қатынас
жасаудың психологиялық мәселелері;
-
кәдімгі тілде компьютермен диалогты ұйымдастырудың лингвистикалық
мәселелері;
-
ұйымдастырушылық мәселелер (компьютерлік зертханада сабақты
ұйымдастыру, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру) және т.б.
Компьютерлік жүйемен ӛзара әрекет етудің қандай да бір аспектілері бірінші
орынға шығуы мүмкін:
ақпаратты алу;
коммуникацияны ұйымдастыру;
бақылауды ұйымдастыру;
оқу үдерісін ұйымдастыру.
Бұл мәселелердің барлығы компьютерлік технологиялар тұрғысынан оларды
шешудің ерекше тәсілдерін, жолдарын және кезеңдерін кӛрсетеді.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана,
шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сӛзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға
арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Қорытынды жасай келе айтарымыз, ӛз іс тәжірибемізден жаңа
технологияларды қолданып ӛткізген дәрістердің, оқушының бойына білімнің
нәрі болып сіңетініне және оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын,
ізденіп, берілген тапсырмаларды ұстазбен қатынаста болып орындауларына
септігін тигізетініне сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |