Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет145/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Пайдаланылган әдебиеттер: 
1. Аяпова Т. Қазақ тілі. Алматы, 1998.
2.И.Я.Лернер, 
М.Н.Скатин. 
Дидактика 
средней 
школы. 
Москва, 
«Просвещение», 1975. - 146 с.
3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. 2 
изд. М. Просвещение, 1991. - 312 с.
4. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. -Алматы, 2000. - 256 
б.
ОҚУШЫНЫ МӘТІНДЕРМЕН ЖҦМЫС ЖАСАУ 
 АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
 
Адилова Жанар Анарбаевна 
№88 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Мәтiнмен жұмыс оқушының субъект ретiнде ӛзiн әр қырынан танытуына 
мүмкiндiк тудырады. Мәтiн мазмұнына сәйкес түрлi тiлдiк жағдаяттар 
тудыруға, оқушының логикалық ойлауын мақсатты түрде дамытуға, олардың 
сӛйлеу белсендiлiгiн арттыруға да қатысты тапсырмаларды түрлендiруге 
болады. Әрi мұндай бiр бағытқа бағдарланған жұмыстар жиынтығы сабақтағы 
сұрақ-тапсырмалардың тек формалық жағынан ӛзгертiлуiн ғана емес, олардың 
мазмұндық жағынан да тереңдеуiне жол ашады. Бұл да оқыту сапасын күтiлетiн 
нәтиже тұрғысынан жетiлдiруде шешушi рӛл атқарады. Мәтiнмен жұмыс - 
тiлдiң барлық пәндермен байланысуын қамтамасыз етудiң кепiлi. Мұнда тiлдiң 
дүниетаным құралы екенiн танытуға қажеттi мүмкiндiктер мол. Әсiресе, тiлдiң 
стильдiк жүйесiн таныту нәтижесiнде түпкi мақсатқа қол жеткiзiледi. Мәтiнмен 
жұмыс - оқытудың тәрбиелiк сипатын күшейтудiң бiр факторы. Мұнда мәселе 
тек мәтiн мазмұнының дидактикалық қырында ғана емес, сонымен қатар 
оқушылардың ӛзара пiкiрталасы үстiнде қалыптасатын тыңдау мәдениетi мен 
ӛзгенiң ойын сыйлай бiлу дағдысының қалыптасуында, ӛз ой-тұжырымдарын 
кӛпшiлiкке ұғымды етiп түсiндiре бiлу iскерлiктерiн жетiлдiруге деген iшкi 
мүдделiлiгiнiң тууында жатыр.
Жоғарыда аталған мәтiн негiзiнде тұжырымдалған әрбiр бағыт қазiргi 
әлемнiң озық елдерi кӛтерiп отырған оқыту сапасы мен бiлiм нәтижесiне 
қатысты тенденциялармен тығыз ұштасады. Тіл меңгерудің ӛлшемдерін белгілі 
социолингвист-ғалым Л.П.Крысин «Социолингвистические аспекты изучение 
современного русского языка» атты еңбегінде тӛмендегідей түсіндіреді: І 
Дәстүрлі лингвисткалық ӛлшем адамзат қызметінің қай саласындағы 
қолданылу сипатына қарамастан сӛйлеушінің ойын еркін бейнелеп, құбылтып 
айта алу икемдігін, қабілеттілігін қамтиды. Тілді құбылта қолдана білу 
қабілеттілігі сӛйлеушінің бір ойды әр түрлі айта алуынан кӛрінеді. Ойды 


неғұрлым кӛп түрлі ете айта білсе, соғұрлым тілді меңгеру дәрежесі жоғары 
болады.
Мысалы:
1. Кітапты түсініп оқыңыз. 
2. Кітапты түсініп оқуға тырысыңыз.
3. Сіз кітап оқығанда түсінуге тырысыңыз.
4.Түсініп оқу- кітап оқудағы басты талап.
5. Кітап оқығанда түсіну (оқырманнан) талап етіледі. ІІ Ұлттық-мәдени ӛлшем - 
тіл құралдарын пайдалануда ұлттық нақыштағы ерекшеліктерді меңгеру. Сол 
немесе ӛзге тілде сӛйлеуші жас кезінен тілдің сӛздің грамматикалық, 
интонациялық жүйесін меңгерту арқылы ӛздеріне білінбестен, кӛбіне 
ойланбастан, оның ұлттық мәдени және рухани формаларын бойына сіңдіреді. 
Әдет-ғұрыптілді қолданудағы айтылу құралдарының ӛзіндік ерекшеліктеріне 
байланысты болады. 
Дәстүрлі оқытуда уақыттың кӛбінде мұғалім сӛйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім 
баланың ӛз ойын, ӛз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. 
Сыныптағы «тәртіп» ұғымы ӛзгереді. Оқушылар жұмыс барысында ӛздерін 
еркін ұстайды: шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі. Оқытуды 
ұйымдастырудың маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім 
сӛзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде 
даму адамның ӛзін-ӛзі кӛрсетуінсіз, ӛз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін 
емес.Оның 
жүйесімен 
қорытынды 
шығарғанда 
баланың 
байқампаздығына,ойлау 
барысына, 
тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, 
еріжігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға кӛзқарасына, олардың 
қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сӛйтіп сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны 
ӛте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен 
байланысы жаңсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы ӛзгерсе, онда 
оқыту ӛте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады. Дәстүрлі оқытуда баға 
басты рӛл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. 
Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. 
Нәтижесінде балалар кім «озат», кім «үлгермеуші» екенін білмейді. 
Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар кӛп, 
мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар. Баланы жалпы дамытатын жаңа 
мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының кӛзқарасымен келісу немесе 
оған күдіктене қарау, ӛз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің 
алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, 
қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. 
Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым 
тездететінін кӛрсетті.Ғалым Б.А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары» 
атты 
еңбегінде 
дамыта оқыту 
жүйесі 
жайлы 
келесі жан-жақты 
тұжырымдамалар мен пайымдаулар жасаған: Л.В. Занков жүйесі дәстүрлі 
оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптерге негізделеді. Енді ерекше 
тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік. Жүйедегі 
бүгінгі күннің ӛлшемімен қарағанда айрықша кӛкейтестілігімен ерекшеленетін 
принцип - жоғары қиындықта оқыту принципі. Бұл қағида баланың 


қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкінділігінің бар екеніне кӛз 
жеткізеді. Шведтік нейробиолог Холгер Хиден ӛз зерттеулерінде баланың 
миындағы клеткаларды бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) 
тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан 
ӛте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне 
назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай 
алмайтындығын, содан барып олардың қызметі тӛмендей беретіндігіне 
кӛзімізді жеткізеді. 
Ғылымға белгілі әртүрлі себептермен аңдар арасында қалып қалған 
балалардың қайта адам қалпына келе алмауының басты себебі де осы болар. 
Айтылғандарды қорыта келе, жас балалардың қарқынды ой еңбегімен 
айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет 
деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі педагогикада «қарапайымнан күрделіге 
қарай, нақтыдан абстрактіге қарай» деген принцип бар. Дамыта оқыту 
жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстактіден қарапайымға 
қарай жетелейді.
Мысалы: «А» әрпін ӛткенде, алманың суретін кӛрсетіп тұрып, оның не екенін, 
дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гӛрі, ол туралы не білетінін, не 
айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. 
Екі жүйе арасындағы тағы да бір қарама-қайшылықтардың мәні мынада. 
Дәстүрлі педагогикадағы «оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай 
жеңіл болғанда ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді» деген қағида 
тӛңірегінде Л.В.Занков бұл анықтаманың кӛнергендігін, тіпті дұрыс еместігін 
дәлелдейді. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі - теориялық 
білімнің жетекші рӛлі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, 
терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жӛн. 
Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау 
арқылы, ӛмір заңдылықтарына кӛздерін жеткізу,қорытынды жасауға 
дағдыландыру. Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде 
«Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы» жайлы ешнәрсе айтылмайды. Ӛйткені 
оқушылардың 
адамгершілік 
қасиеттерін 
қалыптастыру 
арнайы 
жарияланбағанымен тұтас жүйе, оның құрамдас бӛліктері, әдістері арқылы іске 
асып жатуы ойластырылған. Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, 
жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім ӛз сабақтарының дамытушылық 
функциясын ӛз бетінше-ақ арттыра алары сӛзсіз. Л.В. Занков жүйесінде арнайы, 
жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Ӛзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа 
жағдайға бейімдей пайдаланылады. Л.В. Занков ақыл - ой қызметінің 
тӛмендегідей кӛрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. 
Олар байқампаздық, ӛз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс - әрекеттер 
атқара білу. Ал В.В. Давыдов ақыл - ойдың дамуының кӛрсеткіші ретінде 
жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық 
ғалымдардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының 
жаңа сапалық деңгейге кӛтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты 
ретінде әрекет алынады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін 
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала ӛзінің бұған дейінгі білетін 
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей 


жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы 
артады, білім алуға әрекеттенеді. 
Сабақ мұндай жағдайда тӛмендегідей үш құрамдас бӛліктерден тұрады: 

оқу мақсаттарының қойылуы;

оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Элконин - В.В. Давыдов жасаған 
жүйесінің негізгі құрылымдары.Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда 
ешқандай дайын үлгі берілмейді.Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын 
жинақтау арқылы жүзеге асады.Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, 
бағыттаушы адам рӛлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын 
ӛзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға ӛз ойын, пікірін айтуға 
мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда 
дұрыс бола бермес.
Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бӛлісіп, дәлелдеуге 
талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.Мұндай 
кӛзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жӛн. Қоршаған 
ортаның шындығын мойындай отырып,Абай ақыл мен сана еңбек барысында 
қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп 
алады.Оның он жетінші сӛзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сӛз таластыруында тек 
бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын 
әдеби-публицистикалық тұрғыдан кӛрсеткенін байқаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет