Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет25/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

«Қазақ әдебиеті» пәнінің
ӛз мақсатына
келейік. «Оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, 
ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем 
әдебиеті туындыларымен таныстыру; кӛркем шығарманы тануда қажетті 
біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде 
кӛркемдік тұтастық пен кӛркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма 
идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру. [1] Бұл 
мақсат та дұрыс қойылған.
Ал енді 9- сыныптың (Т1) «Қазақ әдебиеті» пәнінің жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарамасында берілген оқу мақсаттарына назар 
салайық. «9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау; 9.1.4.1 кӛркем 
шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану. 9.2.2.1. 
автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рӛліне талдау 
жасау, 9.2.3.1. шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін 
талдай отырып, автор стиліне баға беру; 9.3.1.1. шығарманы басқа ӛнер 
түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және 
кӛркемдік құндылығын бағалау, 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы 
кӛрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру» [2] Дәл 
осы оқу мақсаттары жоғарыда айтылған жаңартылған бағдарлама мен қазақ 
әдебиетінің мақсаттарына сәйкес пе? Сол мақсаттардың жүгін кӛтере ала ма? 
Мәселе –
осында. Сӛзіме мысал ретінде 9- сыныптың қазақ әдебиетіндегі бір тақырыпты 
алайын. «Тарихи шындық пен кӛркемдік шешім» бӛлімінде 
1. Махамбет Ӛтемісұлының ӛмірі мен шығармашылығы (1 сағат) 
2. "Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны" ӛлеңі (2 сағат) 
3. "Мен мен едім, мен едім" ӛлеңі (2 сағат) 
4. "Бағаналы терек" ӛлеңі (1 сағат) беріледі.
Ал енді дәл осы оқу мақсаттар аясында Махамбет Ӛтемісұлының ӛмірі мен 
шығармашылығын толық оқыта аламыз ба? Махамбет образы ашыла ма? 
Ӛлеңдері идеялық және тақырыптық талдау тұрғысынан ашыла ма? Біз оқыған 
Махамбет кім еді? Махамбет – патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы 
күрескен батыр, азаттықты аңсаған жалынды жырларымен рух берген, қайраққа 
салынған алмас қылыщтай тілі ӛткір ақын. Хан-сұлтандарға бас имеген рухы 
ӛр, тәні бекем қайталанбас тұлға. Дәл осы Махамбетті бағдарламадағы оқу 
мақсаттарымен оқушы тани ала ма? Әрине, жоқ. Ӛйткені оқу мақсаттары тым 
күрделі, ғылыми, қолжетімсіз. Бұл оқу мақсаттарын бір- бір ғылыми зерттеу 


тақырыптарының кӛтеретін мәселесі деп санаймын. Баланың оған ӛресі жете 
ме? Әлде оқушылардың барлығынан болашақ филолог мамандар даярлап 
жатырмыз ба? Мақсатты күрделендіре бергеннен не ұтамыз? Шын мәнісінде, 
осы мақсаттар орындалып жатыр ма? Мұғалімдерге нақты мақсатарды беріп,
қалыпқа салып тастаған жоқпыз ба? Міне, осы сұрақтар ұстаздар қауымын 
алаңдатып жүр. «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуға байланысты ӛзекті мәселер 
кӛтеріп жүр. Әрине, оқу бағдарламарында ӛзгеріс болатыны, оқу 
мақсаттарының қолжетімді болатыны айтылып жатыр. Ол – уақыттың 
еншісінде. Оң ӛзгерістер болып жатса, құба-құп. 
Әйтсе де, жаңа бағдарламада оқу мақсаттары қалай берілсе де, әдебиеттің 
ӛз мақсатын әрдайым жадымызда сақтауымыз, әрбір мұғалім тӛмендегі 
мақсаттарды назарда ұстау керек деп санаймын.
1. Әдебиет – кӛркем тарих. Әдебиет арқылы қазақтың тарихын оқыту.
Сонау бастан, о бастан, 
Жаралғалы қара жер,
Жаралғалы кӛк аспан 
Естеми мен Бумынның, 
Адамзаттан бағы асқан. 
Тӛрт бұрышы дүниенің 
Соларменен санасқан, - 
деп, ақын Қадыр Мырза-Әли жырлағандай, әлемнің тӛрт бұрышын 
мойындатқан батыр елдің ұрпағы екенімізді, біздің ерлігіміз қызыл тілдің 
күшінде, ақ найзаның ұшында екенін санасына сіңіруіміз керек. Шығармаларды 
талдата отырып, елім, жерім дейтін, ӛр мінезді ұрпақ ӛсіруіміз керек. 

2. Ұлттық болмысымызды таныту. Салт- дәстүрімізді, ұлтқа тән ұлы 


қасиеттерімізді, бір ауыз сӛзге тоқтайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет кӛрсете 
білетін ұлтқа тән асыл қасетттерімізді бойларына сіңіруіміз керек.
3. Кӛркем шығармалар арқылы тәрбиелеу. Әдебиет – тәрбие құралы. 
Әдебиет – ізгіліктің ӛзегі, иманның тірегі, адамгершіліктің ұрығы. 
Кейіпкерлерге талдау жасата отырып, жақсысын үйретіп, жаманынан 
жирендіру. Оқушыларды кӛркем әдебиеттің озық үлгілерімен таныстыра 
отырып, олардың кӛркемдік талғамын, ӛзіндік дүниетанымын қалыптастыру, 
сӛйтіп, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, одан ӛз қажетіне керегін ала 
білуге үйрету. Кӛркем шығарманың идеясы арқылы нәзік сезім иірімдеріне әсер 
ете отырып, жаны тазы ұрпақ тәрбиелеу. 
4. Сӛздік қорын молайту, пікірін кӛркем тілде жеткізе білуге үйрету. 
Теориялық талдаудан бірінші кӛркем баяндау (айтылым) дағдыларын 
қалыптастыру керек. Оқыған шығармаларының мазмұнын тізбектей отырып 
мазмұндау, оқиғалар желісі бойынша басты оқиғаларды баяндау, шығарманың 
жеке бӛліктерін детальді мазмұндау , кейіпкерлерге мінездеме беру, портрет 
жасау, суреттеу, мәтін тіліне жуық мазмұндау, стильдік ерекшеліктерді сақтай 
отырып мазмұндау – кӛркем шығарманы талдауың аса маңызды әрекеттері. 
Міне, мазмұнын баяндау барысында мұғалім проблемалық сұрақтарды қоя 
отырып, сабақ мақсатына жетелейді. 
Міне, осы мақсаттарға қол жеткізгенде ғана оқушылар теориялық 
талдауға, айшықтау құралдарын тауып және оны шығармашылық жұмыстарда 


қолдана алуға, кӛркемдік құндылығына баға беру дәрежесіне кӛтеріле алады. 
Содан кейін ғана жаңартылған білімнің мақсаттарына қол жетеді.
«Әр бала дұрыс тәрбие мен сапалы білімнің негізінде адам болып ӛседі»,- 
деп белгілі ғалым Асқарбек Құсайынов атап кӛрсеткендей, саналы тәрбие, 
сапалы білім беру – бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі. Бүкіл адамзат баласының 
ертеңі, баянды болашағының кілті – ұстаздардың қолында. [3] Олай болса, ұлт 
алдында ұстаздар қауымына жүктелетін жауапкершіліктің салмағы ауыр. 
Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, заман талабына сай білім беру – басты 
мақсатымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет