Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет44/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Компьютердің бала дамуына 
әсері 
Кітап оқудың бала дамуына 
әсері 
Баланың 
техникалық 
сауаттылығы артады. 
Балада ептілік қалыптасады. 
Интернет 
арқылы 
дүниенің 
түкпір-түкпірінен 
жаңалықтар 
және 
ғылыми 
деректер 
жинайды.Ой-ӛрісі дамиды. 
Ұлттық сана-сезімі қалыптастады. 
Баланың тіл байлығы дамиды. 
Жан-жақты ойлау қабілеті артады. 
Қатесіз жазуға дағдыланады. 
Ӛмірді 
түсіне 
білуге 
деген 
кӛзқарасы 
дамиды. 
Кейіпкерлердің орнына ӛзін қоя 


білу арқылы ӛз ӛмір жолын 
таңдайды. 
Жақсылық 
пен 
жамандықтың ара жігін ажырата 
біледі. 
Әлем 
әдебиетін 
оқу 
арқылы дүниежүзілік оқиғалардан 
хабардар болады. 
Педагогтер мен психологтар әр адам кӛркем шығармамен неғұрлым жас 
кезінде танысса, оның оқырмандық қабылдауы да соғұрлым ерте 
тамырланатынын, терең де жан-жақты дамитынын алға тартады. Осы жерде 
ақын Олжас Сүлейменовтің Қадыр Мырза-Әли аударған «Ертегі» деген ӛлеңі 
ойға оралады. 
Кӛп оқыған жоқпын, мама, 
Бар болғаны бір-ақ бет, 
Тағы біраз оқиыншы, 
Ұрықсат па, рақмет. 
Ара жайлы әдемі жыр екен, бітіп қалсын да, 
Сӛйтіп жүріп бір жыл ӛтті, жырсыз қалай шыдармын. 
Кӛрпе астында бұғып жатып оқитынды шығардым. 
Нені кӛрсем, соны оқыдым, бір болар деп тӛркіні. 
«Капиталмен» отырғанда, байқап қалдың бір күні. 
Ол бір ғажап кез еді ғой, кез еді ғой ғажайып, 
Жылаушы едің «Кӛзің майы кетеді, - деп, - азайып», 
Ұрсушы едің «Соқыр болып қаласың» деп ашынып... 
Қайран ана, 
Кітаптан сол кӛзім қайта ашылды, - деп жырлаған еді ақын. 
Міне, осындай кітапқұмарлар қайда қазір? Педагог А.С.Макаренко баланың 
кітап оқуында отбасындағы басшылықты жоғары бағалап, ата-ана жас күнінен-
ақ оны кітапты сүйе білуіне тәрбиелеуге тиіс екенін айта келе: «Хорошо 
рассказанная сказка - это уже начало культурного воспитания, было бы весьма 
желательно если бы на книжной полке каждой семьи был сборник сказок», - 
деп бәрін ертегі оқудан бастау керектігін ескертеді. 
Кітап оқу - баланың ӛзін-ӛзі тәрбиелеудегі қайнар кӛзі. Ӛкінішке орай бұл 
мәселеге біздің ата-аналарымыз ӛз дәрежесінде мән бермейді. Білімге деген 
сүйіспеншіліктің негізі кітап оқу арқылы қаланатынын кӛп жағдайда ескере 
бермеймейтіні алаңдатарлық жәйт. Кітаптың адам ӛмірінде алатын орны, 
маңызы, кейбір ата-аналардың «баланың кӛркем шығарма оқуға әуестігі 
күнделікті негізгі сабаққа әсерін тигізеді» деп мұны онша құптамайтынын 
байқаймыз. Ал енді бір топ ата-ана мектептен тыс оқуға баланың не оқып, не 
білуіне кӛмектесуші тек пән мұғалімі мен кітапханашының жұмысы деп 
қарайды.
Оқырмандық қызығушылықты анықтау мақсатында ата-аналармен әңгіме 
жүргізіп, олармен ашық пікірлесе, сырласа отырып, ӛз ойларын ортаға салуға 
мүмкіндік туғыздық. Пікірлер жиынтығының бір кӛрінісі тӛмендегідей болды. 


«Тамағы тоқ, киімі бүтін болса, жетіп жатыр. Домбыра үйірмесіне қатысса 
деп ойлаймын, домбыра сатып әпердім. Кітап оқу мәселесін мұғалімдер ӛздері 
шеше жатар, сабағына үлгерсе болды» (42 жастағы әкенің сӛзі, құрылысшы). 
«Теледидар кӛреді, киноға барады, сабақ оқуға кӛп уақыт жұмсайды. 
Сондықтан үй жұмысына үлгермейді. Негізгі пәндерді оқыса, сол да жеткілікті 
деп ойлаймын» (45 жастағы шешенің сӛзі, сатушы). 
«Ұлым да, қызым да сабақтарына үлгереді. Соған кӛңілім тоқ, әдебиет 
және физика үйірмелеріне қатысады. Ал олардың мектептен тыс қандай 
шығармалар оқитынын жүйелі түрде бақылаймын деп айта алмаймын. 
Ӛздерінің ықыластарына қарай шешіп отырады. Ӛз балаларыма жан-жақты 
қарауға уақытым жетпейді» (ауыл мұғалімі, 50 жаста). 
«Ӛзім оқи білмеймін, кейбір қызықты кітаптарды немерем оқығанда 
оған қатты риза боламын» (70 жастағы әженің сӛзі). 
Оқушылардың әртүрлі себептермен оқу мәдениетін тӛмендетіп алғаны 
байқалады. Тіпті, кейбіреулері бағдарламалық материалдарды игеруге 
құлықсыз екенін танытты. Бұларға кезінде пән мұғалімі, кітапханашы, ата-
аналары тарапынан дұрыс ақыл-кеңес, басшылық болмай, оқырмандық 
тәжірибені шыңдай түсу бағытындағы жұмыстар ӛз дәрежесінде жүргізілмегені 
кӛрінеді. Кітап оқу дәстүрге айналған үйде, ең болмаса, бір адамның кӛп оқуы 
балаларға да игі ықпалын тигізеді. Мектебімізде осы мәселе аясында бірлестік 
пен мектеп кітапханашысы біріге отырып, зерттеу жұмысын жүргіздік.
Мәселен, зерттеу, бақылау жүргізген оқушыларымызға кітап алып оқуда 
29 пайыз мұғалімнің, 19 пайыз кітапханашының, 22 пайыз ата-ананың, аға-
апайының, 30 пайыз жолдастарының әсері тиетінін анықтадық. Оқушылар 
оқылымын анықтау мақсатында кітапханада «Сізді қандай бағыттағы кітаптар 
қызықтырады?» деген сауалнама жүргізілді. 
- Оқушылардың 79 пайызы шытырман әңгімелерді оқығанды ұнатады. 
- 20 пайызы компьютер туралы оқиды. 
- 56 пайызы тіпті кітап таңдап алуға қиналады. 
- 44 пайыз оқушы кӛмекті керек етеді. 
- Оқушылардың 98 пайызы балалар кітапханасын, қалғандары таныстарының 
және мектеп кітапханаларын қолданады. 
Кітап оқу күйзелістен арылтады. Қазіргі заман күйінде адамдардың басты 
мәселелерінің бірі - күйзеліс пен мазасыздықтан құтылу. Ал кітап оқу күйзеліс 
деңгейін 68%-ға дейін тӛмендете алады. Небәрі 6 минут кітап оқу жүрек 
соғысын бәсеңдетіп, бұлшық ет қызуын тӛмендетеді. Бұл мақсатта фантастика 
жанрындағы кітаптарды оқу жақсы кӛмекші болады. Сӛздік қор кӛбейе түседі.
Әртүрлі жанрдағы еңбектерді оқығанда күнделікті ӛмірде қолданбайтын сан 
түрлі сӛздермен танысасыз. Егер бір сӛз білмесеңіз сӛздік ала жүгіру міндет 
емес. Кейде белгілі бір сӛзді түсіну үшін сӛйлем не жалпы идеяны білу 
жеткілікті. Кітапты неғұрлым жиі оқысаңыз тіл байлығыңыз соғұрлым дами 
түседі. Кітап оқу альцгеймер ауруының алдын алады.
Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша кітап оқу ми ауруының алдын алуға 
кӛмектесетіні анықталды. Себебі оқу кезінде миыңыздың белсенділігі арта 
түседі. Ал бұл оның жағдайына жақсы әсер етеді. Кітап оқу бойға сенімділік 
ұялатады. Белгілі бір мәселе талқысында біліктілігімізді танытсақ ӛзімізді 


сенімді, жинақы сезінеміз.Кітап оқу шығармашылықты дамытады. Креативті 
адамдар бір сәтте бірнеше идея ұсына алуымен ерекшеленеді. Ал ол идеялар 
қалай туындайды? Әрине оның қайнар кӛзі-кітап. Шығарманы оқу барысында 
сіз жүзеге асқан идеялардың куәсі боласыз. Соның арқасында жаңа біліммен 
сусындайсыз. Кітап оқу ойлау мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Оқу 
барысында біз кейіпкерлердің киімін, мінезін, жүзін, қоршаған ортасын 
елестетеміз.
Сонымен қатар, оқиғаны толық түсіну үшін есте сақтауға тырысу керек. 
Осындай әрекет есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады. Кітап оқу зейін 
қойып оқуды үйретеді. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсіну үшін зейін қойып 
оқу керек. Бұл қабілеттің сізге кез келген жерде пайдалы болары сӛзсіз.Сондай-
ақ, кітап оқу объективті болуды, дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет