«Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология - tehne (шеберлік, ӛнер,
білім) деген мағынаны білдіретін грек сӛзі.Академик В.М. Монаховтың айтуы
бойынша: технология-оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай
тудырушы,оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу,бірлескен педагогикалық
әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым
Беспалько ӛзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде
былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы
және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің
тәжірибеде жүзеге асу жобасы».
Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы
белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған,
оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық,
ӛйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушысы. Мектепте
жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап ӛте
үлкен болып отыр.Мұғалім ӛзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып,
оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде
жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: