Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет121/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Байтұрсынұлы 
А., 
Тіл 
тағылымы, 
А, 
«Жазушы», 
1992. 
2.Байжұманова Қ. «Оқуға ынталандыру-мұғалім біліктілігінде»// 
Қазақстан мектебі,2008ж.№1 
3.Белинский В. Г.//«Балалар кітапшалары туралы бірер сӛз» 12-17б.1989. 
4.Бітібаева Қ.. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990. 
5.Бітібаева Қ.. М. Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту А., «Жазушы»
 
 
 
 ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА СЫНИ ТҦРҒЫДАН 
ОЙЛАУҒА ҤЙРЕТУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ
 
Тайлыбаева Қымбат Бердибайқызы
№57 ЖОББМ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Жаңартылған білім бағдарламасының ӛн бойында қарастырылатын мәселелер 
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын және мұғалімдердің сыни тұрғыдан 
ойлауын дамыту болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау – қазіргі таңда 
Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең 
басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыда ойлауға, сабақ барысында 
оқушыларға ӛз ойларын жеткізуге, білімдерін толықтыруға, жан - жақты 
ойластыруға, тақырыпты интерпретациялауға, дұрыс шешім қабылдауға, 
ынталандыру сұрақтарын қоюға айтылған болжамдарға күмәнмен қарауға 
мүмкіндік береді. Сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын дамыту сыныпта 
тиісті орта жасауды талап етеді. 
Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде балаларға, жекелеп немесе топтарға олардың 
меңгерген білімдеріне негізделген әр түрлі тапсырмалар берілді. Аса қабілетті 
балаларға айтарлықтай жоғары деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін, 
проблемаларды шешу қабілеттері мен зерттеу қабілетін пайдалануды талап 
ететін күрделі тапсырмалар беруге болады. Бастапқы ойды немесе үдерісті 
түсіне алатындай етіп басқаларға қалай түсіндіру керек екенін түйсіну ӛте 
күрделі, сонымен қатар ӛте тартымды іс болып табылады. 
Қабілетті баладан басқа балаларға қандай да бір нәрсені түсіндіруді немесе 
қандай да бір затты үйретуді ӛтінуге болады, басқа жастағы балалар үшін 
бірдеңе жазуды немесе жасауды сұрауға болады. Қабілетті бала басқаларға 
қарағанда негізгі міндеттерді жұмсауға аз уақыт жұмсайтынын болжауға 
болады, ал содан кейін айтарлықтай күрделі жұмысты орындауға кірісе алады 
(яғни, келесі оқу мақсатына кӛшпей, негізгі оқу жоспары мақсатының 
мәнмәтінінде оқытуды кеңейту және қиындату бойынша жұмыс істеу).


Кӛптеген қабілетті балалар қызығушылық пен ұмтылыстың жоқтығынан негізгі 
тапсырманы ӛте баяу орындағандықтан, мүмкіндігінің болуына қарамастан 
қосымша тапсырмаларды орындауға үлгермейді. Кей жағдайларда кейбір 
балаларға барлық тапсырманы орындамай («тығыздау» деген атпен белгілі 
болған әдіс), қосымша жұмысқа бірден кірісуге рұқсат етуге болады.
Балалар жалпы тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға 
қарағанда кӛп немесе кем қолдау кӛрсетіледі. Қабілетті балаға білімнің кейбір 
салаларында жеке кӛмек қажет болуы мүмкін, мысалы, жазба, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқу машықтарын немесе 
бірлесіп оқу машықтарын дамыту. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ 
айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу машықтарын қажет ететін әр түрлі 
ресурстар беру арқылы тапсырманы сатылатып орындау арқылы оқушының 
ойлау деңгейін дамытуға болады.
Оқушылардың кейбіреуіне ӛзі жасаған жұмыстарын таныстыру үшін оқытудың 
балама әдістерін ұсынуға болады.
Сыныпта 
оқушыларды 
топтастырғанда 
оқушылардың 
танымдық 
қажетттіліктеріне қарай гомогенді гетерогенді топтар арқылы топтастыра 
отырып, ортақ тапсырма беруге болады. Қабілетті оқушылар құрдастарымен 
тапсырманы әртүрлі ақпарат кӛздеріненала отырып, айтарлықтай жоғары 
деңгейде орындап шыға алады. Сондай - ақ олар ортақ тапсырманы орындауда 
әрқайсысысы әртүрлі роль атқарады.
Cыныпта мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай ӛзі қоятын сұрақтары мен 
оқушылар қоятын сұрақтарға жауаптарын саралайды. 
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және 
тӛмендегі қабілеттерді дамытуды кӛздейді: 

Айтқандарын негіздеуге және ӛзіміздің ӛмірлік тәжірибемізге қарай оны 
тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік; 

Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және 
басқалардың идеяларын сыни бағалау;

Басқалардың ӛзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және ӛз пікіріңнің қате 
болуына ашық болу; 

Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу. 
Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін 
кӛрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу 
дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы 
негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:

Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.

Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек. 
Мысалы: «Қыз Жібек» жыры» тақырыбында ӛткізген сабағымда жырдың 
тақырыбын, мазмұнын, идеясын ашу үшін 4 топқа тӛрт түрлі тапсырма бердім: 
I топ: «Қыз Жібек» жырының зерттелуі; II топ: Жырдың мазмұны; III топ: 
Жырдың ерекшелігі; IV топ: Жырдың композициялық жоспары. Мұндағы 
мақсатым, жаңа білім бойынша ӛз болжамдары мен жобаларын талқылату
ӛзіндік қорытындыларының қаншалықты ғылыми шындыққа жақын екенін 
саралату, білімді ӛз бетімен алуға деген ынтасын, топтық жұмыстарға деген 


белсенділігін арттыру болатын. Нәтижесінде бұл жырдың 15 нұсқасы бар 
екенін, бірақ кӛп нұсқалы болса да мазмұндық жағынан бір-бірінен алшақ 
еместігін, жырға сценарий жазылып, фильм түсірілгенін және оны әлемнің 43 
елінде кӛрсеткендігін, жыр оқиғасының ӛмірде болған оқиғаға негізделгенін 
және адал махаббатқа құрылғанын т.т. мұғалімнің қатысуынсыз ӛздері тауып, 
дәлелдеп айтып берді.
IV топ, жырдың композициялық құрылымын жоспарлауда жырдың қалай 
басталатынын, оқиға қалай дамитынын, байланыс қай кезеңінде орын 
алатынын, жырдың ең шиеленіскен тұсы қай сәт, шарықтау шегіне қай оқиға 
кіретінін, шешімі қалай аяқталатынын сыни тұрғыдан ойлану арқылы ортақ 
шешім табу қажет болатын, топ мүшелерінің жобалауы, бірлесе отырып 
қабылдаған шешімдері дұрыс шықты, тек шарықтау шегін нақты жеткізе 
алмапты. Осы сабақта кестемен жұмыс арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу 
тапсырылды. 
Кейіпкер 
Қандай? 
Жырдан дәлел үзінді 
1. Тӛлеген
 
Уәдесіне 
берік 
Кӛктем 
шыға 
қазбен 
бірге келем 
2. ... 
... 
... 
3. ... 
... 
... 
4. ... 
... 
... 
Оқушылар кейіпкерлерді талдағанда, кейіпкерлердің іс-әрекетіне жан-жақты 
талдау жасап, олардың жан дүниесін ашатын сӛздерді тауып сыни тұрғыдан 
баға беріп, ӛз пікірлерін жырдан үзінді келтіре отырып дәлелдеп жазып шықты.
Нәтижесінде: оқушы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тәсілдерін қолдана 
отырып, алған біліміне рефлексия жасауды, бірлесіп, ұйымшылдықта топтық 
жұмыстарды орындауға, бірін-бірі үйретуге, білгенін ортаға салуға, сабаққа 
енжар қатысып отыратын және ӛз-ӛзіне сенімсіз оқушыларда ерекше 
белсенділік пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет