Қолдану-
Жаңа білімді түрлі нұсқада, түрлі нұсқада пайдалану.
Талдау -
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу.
Жинақтау-
Ақпараттарды жүйелеу, жоспар жасау, шешім қабылдау.
Бағалау-
Критерий негізінде жұмыс
сапасын бағалау, дәлелдеп үйрену.
Мен мұғалімдердің әрбір сабағында «Сыни тұрғыдан ойлау
технологиясын» қолдануды ұсынамын.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» бағдарламасының
стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың
шығармашылық қасиетін
анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше
маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты –
барлық жастағы, соның ішінде бастауыш
сынып оқушыларының кез келген мазмұнға, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең
керекті пікірді , таңдауға, шешім қабылдауға үйрету.
Оқушылардың білім деңгейін кӛтеруге, шығармашылыққа баулуға,
ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сыни тұрғыдан ойлау сынау емес, шыңдалған,
бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта
оқушылардың білім деңгейін кӛтеруге
ретімен сұрыптап қолданған
стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында
жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, ӛздік
жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады,
шығармашылық ойлау
нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.
«Сыни тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің
әр түрлі кезеңінде қолдануға болады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды»
дамыту бағдарламасы
ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылыққа шабыт беретін,
болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Әр оқушыда ӛзін – ӛзі дамыта және
жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес ӛз бетінше білім
алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: