№88 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі
Шымкент қаласы
Жаңартылған бағдарлама негізінде сабақты қалай ықпалдастырып
пайдалану жолдарын және оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып,
сабақтың ӛтілу барысына талдау жасайық.
Керібайланыс оқушының оқыту үрдісі қалай ӛткені және қандай нәтижеге
қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Керібайланыс
сабақтың
соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың ӛз бетімен
орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия
мақсаты-еске түсіру, ӛзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау
және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
Мұғалім оқушының кез келген
кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және
сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-
ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ
түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға
бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия сӛзі латын тілінен аударғанда
reflexio- кейінге айналым
мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген.
«Рефлексия- адамның ӛз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында ӛзіне-
ӛзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады.Күнде кешкілік
бүгінгі ісімізді, айтқан сӛзімізді ойша шолып, есеп беріп,
ертеңімізге жоспар
құрып аламыз. Демек, "рефлексия" деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса,
бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі
күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы
бағдарлама бойынша білімді дайын күйінде беруден гӛрі оқушыны ӛзі
қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдістермен
рефлексия жасату тиімді екеніне кӛзіміз жетті. Керібайланыс жүргізу бір
күннің іс-әрекеті емес, оған кӛп уақыт, ізденіс қажет.
Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын
дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап,
орындалған іс-әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға
оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді.
Оқушылардың ой- ӛрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының ӛз
бетімен толықтыруы мен ӛзін-ӛзі дамытуды қамтиды.
Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола
алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері
байланыс пен мадақтау қажет,
сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс. Ашық сауалдар, оқыту
міндеттерімен алмасуы сияқты әдістер оқушылардың ӛз біліміне белсенді
қатысу қабілетіне әсер етеді. Оқушылар жұппен де, ӛз беттерімен де ӛз білім
деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.
Рефлексияны
әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде:
тақырыптың соңында, сабақ бӛлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге
асыруға болады. Кері байланысты түрліше ӛткізуге болады: топтық
рефлексия
түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да
жүргізуге болады.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Кӛңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс.
Кӛңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен
анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма
ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ
соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін
жақсы
орындадым, сондықтан кӛңіл-күйім кӛтеріңкі, қызыл түсті алма - мен
тапсырманы орындай алмадым, кӛңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сӛзбен»
әдісі барысында оқушылар берілген сӛздердің ішінен бүгінгі сабақтағы
жағдайын сипаттайтын үш сӛзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт,
зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау).
Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда «Бас. Жүрек.
Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен
Ақсақ Темірдің тарихтағы
орнын, жорықтарын еске түсірді, жүрекпен баллададағы оқиғаларды сезінгенін
және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен
тапсырмаларды орындағандарын жеткізді.
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс.
Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі.
1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН,
2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН,
3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Салалас құрмалас сӛйлем туралы түсінік» тақырыбындағы сабақта
оқушыларға
алған
білімін
жинақтау
мақсатында «Бір
сӛйлеммен
тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай
түсінгенін бір сӛйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сӛйлемдердің
жасалу
жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.
«Таңдау» әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі.
1.Мен сабақ
Достарыңызбен бөлісу: