оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізу. Дағды, білім, түсінік және
сан алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі жолымен келетінін кӛрсету;
оқушылардың ерекшеліктерін ескеру және оған сәйкес жоспарлау;
оқушылардың білімдерін кеңейту үшін жеке тұлғалардың не оқушы
топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс беру.
Саралап оқытуда басшылыққа алатын саралау қағидаттары:
Еркіндік қағидаты: әрбір оқушының білім деңгейіне қарамастан ӛзін таныта
білу мүмкіндігіне шектеу қоймау;
Сенімділік қағидаты: оқушының табысқа жетуіне деген ӛзіне сенімділігі,
мұғалімнің сабақта оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына
сенім артуы;
Толеранттылық қағидаты: оқушының жеке ерекшеліктерін, қабілетін ескеріп,
ӛзіндік дамуына қолайлы орта жасау.
Сабақта саралау әдісінің ӛзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ
жоспарын тиімді құрастыру мәселесін алға қоямыз. Саралап оқытудың
қағидаттарын ескере отырып, үнемі қолдау кӛрсету, жан-жақты дамыту,
зерттеуге бағыттау арқылы ӛз пәніміздің тиісті оқу мақсатын меңгертіп қана
қоймай, зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін шыңдауға
мүмкіндік аламыз
Достарыңызбен бөлісу: