(Антуан де Сент-Экзюпери).
Сабақ беру – мұғалімнің негізгі жұмысы. Алайда оның нәтижесін кӛру,
оған қол жеткізу кез келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Сол себепті
әрбір мұғалім ӛз шәкірттерінің білім нәтижесін кӛру үшін ӛмір бойы іздену
үстінде болады. Ал сабақтың оң нәтижесі оны жоспарлаудан басталатыны
белгілі.
Мұғалім сабақтың толыққанды жоспарын жазуда, ең алдымен, сабақтың
тақырыбын, одан кейін оқу мақсатын айқындап алғаны жӛн. Мақсат, кӛбінесе,
мұғалім жалпы неге қол жеткізгісі келетіндігін сипаттау үшін қолданылады.
Дұрысы – мақсатты оқушылардың бір сабақ ішінде нені үйреніп шығуына
қарай бағыттап қою керек. Егер оқу мақсаты оқушыға түсінікті болса, онда
оның сабақтағы іс-әрекеті аса белсенді, саналы және нақты нәтижеге қол
жеткізуге бағытталған болады. Оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын
олардың сабаққа мақсат қою сәтінде қатыстыру арқылы арттыруға болады.
Тәжірибе бойынша оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже Блум
таксономиясының танымдық мақсаттарына негізделіп құрастырылуда.
Бүгінде білім беру жүйесінің ерекшелігі – білім алушының қандай да бір
іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының
білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзыреттілік қасиетінің
қалыптасуын бағалауымыз керек, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты
рӛлде емес, басты орында оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық
қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, ӛзін-ӛзі
дамыту, ӛзіндік білімін кӛтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен
оқытуға деген кӛзқарас ӛзгергендіктен, оқыту нәтижесін бағалау да жаңа
бағытқа ие болуда. [1]
Нәтижеге бағытталған сабақтың негізгі компонентінің бірі – саралау.
Оқушы бойындағы ӛзіндік ерекшеліктерді кӛре, ескере отырып, тәжірибелі
мұғалім оқушының жеткен жетістігін одан әлі дамытуды мақсат тұтады. Осы
орайда саралау тәсілдерін тиімді қолданса, ӛз мақсатына жетті деп
тұжырымдауға болады. Себебі саралап оқытудың оқушыға берері кӛп.
Саралау деген не екеніне тоқталмай-ақ, салараудық қажеттілігі жӛнінде әңгіме
ӛрбітсек.
Достарыңызбен бөлісу: