Ана тілін терең меңгертіп, оның қыры мен сырын ұғындыруда қоғамда
атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Тәуелсіздігімізді алып, еңсеміз тік бой
кӛтерген мына қоғамда тіл үшін тындырылған игілікті істер қаншама?! Соның
айғағы-мектеп қабырғасында оқытылып жатқан қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарының ӛз деңгейінде, мемлекет қойған міндеттерді тыңғылықты
атқаруында жатыр.
Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…» деген екен.
Ендеше, қазақ тілі пәнінің маманы ретінде ана тілін оқытуда қандай
жетістіктерге жол бердік, нендей кемшіліктерді түзеттік деген сауал менің де
кӛкейімде тұрары анық.Білім беруде озық технологияларды енгізу-заман
талабы, оқытуға жаңаша кӛзқарас-ӛскелең ұрпақты тиімді оқытумен ғана
шектелмей, олардың ӛмірге бейім, жан-жақты дамыған, білімді, салауатты
ұрпақ болып қалыптасуының негізі. Сондықтан әр сабағымда тілді меңгертудің
анағұрлым оңтайлы әдістерін пайдалану-менің басты мақсатым.Сол әдістерді
бӛлісуде жаңа тақырыпты меңгерту жолдарын ұсынуға мысал келтіре отырып,
ортақ ой түюді жӛн кӛрдім.
«Жаңа сӛз туралы мен не білдім?»
Бұл әдіс-білім алушының жаңа сӛздер
туралы алғашқы білімін
қалыптастыратын баспалдақ, білім
алушы сӛздің мағынасын терең
түсініп, жаңа сӛздің басқа сӛздермен
байланысу жолын таниды.
Достарыңызбен бөлісу: