Сұрақнама: Ядролық жарылыс факторлары, қирау және радиациялық зақымдалу аймақтары


Жаппай жою қарулары оның ерекшеліктері мен қолдану салдарының жалпы сипаттамасы



бет3/9
Дата01.05.2022
өлшемі31,1 Kb.
#141602
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-СОӨЖ

Жаппай жою қарулары оның ерекшеліктері мен қолдану салдарының жалпы сипаттамасы.

Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін қолданылатын жою қабілеті жоғары қару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уақытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардың еңбек өнімдері және өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарына ядролық (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.
Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау — әскерлерді, тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы. Оған төнген қауіп туралы дер кезінде хабарлау, халықтың кейбір бөлігін қауіпсіз жерге көшіру, қорғанатын баспана ұйымдастыру, қорғанудың дербес құралдарымен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықтың азаматтық қорғаныс ісі жөніндегі білімін арттыру және адамдардың үрейленбеуі үшін арнаулы тәртіп сақтайтын қызмет орнын құру т.б. шаралар жатады. Сондай-ақ, оған белгілі бір ауданда жарылған ядролық бомба желдің соғу бағытына қарай көптеген аймаққа радиоактивтік зақым келтіретінін есепке ала отырып, әуеден төнген қауіп-қатермен бірге, жаудың ядролық соққысы қай ауданда болғанын, барлаушылардан түскен мәліметтер бойынша желдің бағытын, атом қаруының радиоактивтік ақым келтіретін аймағының көлемін радио арқылы халыққа хабарлау жүйесі де енеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет