Сұрақнама: Ядролық жарылыс факторлары, қирау және радиациялық зақымдалу аймақтары


Тапсырма №2.Биологиялық қарудың түрлері мен биологиялық қарумен зақымданған жердің сипаттамасы



бет6/9
Дата01.05.2022
өлшемі31,1 Kb.
#141602
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-СОӨЖ

Тапсырма №2.Биологиялық қарудың түрлері мен биологиялық қарумен зақымданған жердің сипаттамасы.
Биологиялық қарудың әртүрлілігі

  • Бактерия

  • Вирус

  • Рикетсия

  • Саңырауқұлақ

  • Токсин

Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.
БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұзақ уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2—5 күнге созылады. 1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған аурулардың екі түрі бар. Ол контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Және де контагиозды емес деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды.
Патогендік микроорганизмдер - жұқпалы ауруларды қоздырушы, көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустар, бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класына бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет