Сұрақнама: Ядролық жарылыс факторлары, қирау және радиациялық зақымдалу аймақтары


Тапсырма №3.Химиялық қарудың заманауи зақымдау құралдары



бет7/9
Дата01.05.2022
өлшемі31,1 Kb.
#141602
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-СОӨЖ

Тапсырма №3.Химиялық қарудың заманауи зақымдау құралдары.
Химиялық қару — уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады.
Соғыстан кейін көптеген елдер Химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, Химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің Химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

Химиялық қару адам организміне әсер ету жағынан 4-ке бөлінеді:



  • Өте қауіпті

  • Жоғары қауіпті

  • Орта қауіпті

  • Қауіптілік аз

Жергілікті уландырғыш заттар 3 топқа бөлінеді:

  1. Өлтіретін улы

  2. Өлтіре қоймайтын улы

  3. Жалпы улы қасиеті бар

Улағыш заттар адам ағзасына әсер ету сипатына қарай 5 топқа бөлінеді:

  • Жүйкені істен шығару

  • Теріге әсер ету

  • Жалпы улы

  • Тұншықтыратын

  • Психохимиялық әсер ету








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет