Сұрақнама: Ядролық жарылыс факторлары, қирау және радиациялық зақымдалу аймақтары


Тапсырма №1. Ядролық қарудың түрлері және полигондар жайында мәлімет беріңіз



бет5/9
Дата01.05.2022
өлшемі31,1 Kb.
#141602
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-СОӨЖ

Тапсырма №1. Ядролық қарудың түрлері және полигондар жайында мәлімет беріңіз.
Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады.
Ядролық қару қуаттылығы бойынша:

  1. Стратегиялық

  2. Оперативті – тактикалық

  3. Тактикалық

Ядролық қару құралдары: зымыран, торнедо, ұшақ, артериялық атыс.
Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр.
Қазақстанда 14 полигон бар: Семей, Тайсойған, Азғыр, Нарын, Барсакелмес, Қызылқұм, Қарақұм ( 7 тұрақты, 7 уақытша).
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет