4.6 ә-суреттегі Х тауары сапалы, ал У тауары сапасыз тауар болып табылады. Себебі, тұтынушы табысының өсуі Х тауарын тұтынуды арттырса, У тауарын тұтынуды азайтып жіберді. 6б-суретте, керісінше, Х тауары сапасыз, У сапалы тауар болып табылады.
«Табыс-тұтыну» қисығы Энгельдің тұтыну қисығын салуға мүмкіндік береді . Энгель қисығы да тұтынудың тұтынушы табысынан тәуелділігін көрсетеді. Оны алғаш рет неміс статистигі Эрнест Энгель (1821-1896) тұтыну шығындарының құрамына тұтынушы табысының ықпалын зерттей отырып пайдаланған Э. Энгель ғылымға тұтыну заңы деп
аталатын заңды енгізді. «Табыс-тұтыну» қисығы Энгельдің тұтыну қисығын салуға мүмкіндік береді. Энгель қисығы да тұтынудың тұтынушы табысынан тәуелділігін көрсетеді. Бұл заң бойынша ұлттық табыстың азық-түлікке жұмсалатын үлесі неғұрлым аз болған сайын халықтың өмір сүру деңгейі соғұрлым жоғары болады.Э. Энгель тұтынушы табысының өзгеруіне байланысты әр түрлі тауар санатына сұраныстың қалай өзгеретінін зерттеген. Осы мақсатта ол азық-түлік тауарына, стандартты сападағы өнеркәсіп тауарларына, жоғары сападағы немесе дәулетті тауарларды қарастырған (4.7-сурет).
Графиктен көрініп отырғанындай, кез-келген тұтынушы, алдымен өзінің азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандырады. Тұтынушы табысының елеусіз аз болған тұстарында ол тек азық сатып алады. Алайда, табыстың қарқынды өсуі азық-түлік өніміне деген сұранысты шексіз арттыра бермейді. Табысы белгілі бір деңгейге жеткенде, яғни екінші кезекте, тұтынушы стандартты сападағы өнеркәсіп тауарларын ала бастайды. Адам өзінің тамаққа деген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, екінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға кіріседі, мәселен, теледидар, тоңазытқыш, жиһаз т.с.с.
Ал табыстың әрі қарай өсуі тұтынушының дәулетті тауарларға деген сұранысының қалыптасуына әкеледі. Өйткені бір қажеттіліктің қанағаттануы екінші қажеттіліктің туындауына әкелетіні бұрыннан белгілі.
Стандартты сападағы өнеркәсіп тауарлары мен дәулетті тауарлар бойынша Энгель қисықтарының нышанынан байқайтынымыз: оларды тұтыну негізінен, тұтынушы табысы артқан сайын қандай қарқында болмасын, әйтеуір, өсіп отыр. Қарастырылып отырған 3 типтегі тауарларға деген сұраныстың табыстан тәуелділігін әркелкі болуын қалай түсіндіреміз? Бұл, біздіңше, өткен тақырыпта қарастырылған тауарлардың шекті пайдалылығына байланысты. Бұл жерде азық-түліктің (І) шекті пайдалылығы аз, ал өнеркәсіп тауарлары (ІІ) мен дәулетті тауарлардың (ІІІ) шекті пайдалылықтары салыстырмалы түрде жоғары.
Графикте көрестілген стандартты сападағы өнеркәсіп тауарларының тұтыну қисығы бойынша тұтынудың Е нүктесіне келіп тұрақтануының себебі неде? Тұрмыста қолданылатын өнеркәсіп тауарлары, (жиһаз, компьютер, аудио, видео аппаратуралары т.с.с.) әдетте, ұзақ уақыт қолданылады. Белгілі бір уақыт өткеннен соң оларды ауыстыруға болады (ІІ қисықтың жоғарғы бөліктері).
Достарыңызбен бөлісу: |