Сұраныс және ұсыныс негіздері


-сурет Капитал нарығындағы теңдестік



бет36/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
5.8-сурет Капитал нарығындағы теңдестік
3. Кез келген инвестициялық жобаны жүзеге асыру шығын мен табыс арасындағы уақытты керек етеді. Қаржылық теорияда «болашақтағы ақша қазіргі ақшаға қарағанда арзан» деген ұғым бар. Бұл тек инфляцияға байланысты емес, қазір қолда бар ақшаны бизнеске салып, табыс алуға болады. Ал болашақтағы ақшада мұндай мүмкіндіктен айырыласың.

Мысалы: а) қазіргі 10000 теңге 1 жылдан кейін қанша болатынын анықтайық.

Банктік ставка - 10%-ға тең.

х=10000+0,1*10000

х=11000 теңге

б) Болашақтағы 10000, қазір қанша тұрады (банк ставка 10%)

х+0,1*х=10000

1,1х=10000

х=9090,9≈9 мың 91 теңге

1 жылдан кейін

2 жылдан кейін

3 жылдан кейін т.с.с.

немесе



- болашақтағы капитал құны

- ағымдағы капитал құны

- жыл саны

- болашақтағы құн коэффициенті

- пайыздық ставка

- бұл шарт орындалса, жоба тиімді болғаны,

- жоба тиімсіз болған,

- бұл жобадан пайда да, зиян да болмайды, яғни жоба нейтралды.

4. Жердің өндіріс факторы ретіндегі ерекшелігі:

  1. жердің қызмет ету мерзімі шектелмеген және қалағаның бойынша ұдайы өндіре алмайсың,

  2. шығу тегіне байланысты ол табиғи фактор, адам еңбегінің өнімі емес,

  3. жер орын ауыстырып, бір саладан екінші салаға оңай өтпейді, яғни ол қозғалмайды,

  4. ауыл шаруашылығында қолданыла отырып, тиімді пайдаланған сайын ол тозу орнына өзінің өнімділігін арттырады.

Жоғарыдағылардан мынадай қорытынды шығаруға болады: жерді иеленуші немесе оны пайдаланушы белгілі бір артықшылыққа ие. Яғни жерді иелене отырып немесе пайдалана отырып, субъект белгілі бір пайда – жер рентасын табады.

Рента – жер меншігі экономикалық жағынан таратылатын, табыс әкелетін нышан.

Рента теориясының негіздерін алғаш рет XVIII ғ. аяғы XIX ғ. басында ағылшын классиктері Смит пен Рикардо жасады. Олардың айтуынша, рента - қоғамдық өнімді бөлуден меншік иесіне түсетін ерекше табыс түрі.

Маркс пен Рикардо көзқарасы бойынша рента 3 экономикалық субъект: жер иесі, фермер, жалдамалы ауыл шаруашылығы жұмысшысы арасындағы байланыс. Кәсіпкер фермер өндірісті пайда табу мақсатында ұйымдастырды. Дегенмен ол пайданың бәрін өз қалтасына салмайды. Ол жер иесіне жерді пайдаланғаны үшін ақы төлеуі керек. Жер иесінің алатын осы пайдасы экономикалық рента болып табылады.

Олардың көзқарасы бойынша рента жердің құнарлығына байланысты. Жер неғұрлым құнарлы болса, оның табысы жоғары болады. Ал құнарсыз болса, оған көп шығын жұмсалады (өңдеуге). Осыған байланысты жақсы жерлердің орын ауыстырмауы жерге деген шаруашылық объектісі ретінде монополияны қалыптастырады.

Экономикалық теорияда рентаның екі түрі болады: абсолютті рента, дифференциалды рента. Абсолюттік рента – жердің ерекшелігінен(орналасқан орны, топырағының құнарлылығы) тәуелсіз алынатын табыс. Дифференциалдық рента – жер иесінің жердің орналасқан орны, топырағының құнарлылығына байланысты жерден алатын табысы

Абсолюттік рентаның дифференциалдық рентадан айырмашылығы – табысқа байланыссыз, жердің құнарлығына байланыссыз төленіп отырады.

Жер рентасын түсіндіру үшін неоклассиктер сұраныс пен ұсынысты талдайды. Жерді ұсыну бағалық жағынан икемсіз, яғни бағаның өзгерісіне қарамастан ұсыныс өзгермейді. Себебі, жер шектеулі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет