Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет44/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

6ә-суретте көрсетілген изокванталар ресурстардың өзара бірін-бірі қатаң толықтыру жағдайына тән. Изокванталардың бұл түрін өзінің «шығындар-өндіріс» әдісін зерттеуде Нобель сыйлығының лауреаты В.Леонтьев енгізген болатын.

6б-суретте өндіріс әдісінің тек қана санаулы түрі болатындығын сипаттайтын сынық изокванта көрсетілген. Изоквантаның бұл түріне сәйкес изоквантаның бойымен төмендеген сайын технологиялық ауыстырудың шекті нормасы кеми береді.

Өндірісте жұмыс жасайтын мамандар өндірістік мүмкіндіктерді сипаттауға осы сынық изокванта жақынырақ келеді деп есептейді. Ал теоретиктер өндіріс мүмкіндіктеріне талдау жасауда 6в-суретте көрсетілген «дәстүрлі» изокванталарды қолданады. Бұл изоквантаның өндіріс мүмкіндіктерінің шексіз ауыстыруға болатынын көрсететіні белгілі.


3. Өндірістік теориядағы зерттеуде қолданылатын изокванта қисығының кемшілігі – ол өнім өндіруге жұмсалатын ресурстар мен өндіріс көлемінің натуралды көрсеткіштерін сипаттайды. Бұл көрсеткіштердің құндық сипатамасын беру үшін микроэкономикада бірдей шығындар түзуі немесе изокоста сызығы қолданылады. Өндірісте пайдалынатын еңбектің бағасын (жалақыны) w, капитал бағасын (пайыздың ставканы) r, фирманың осы ресурстарды сатып алуға қажетті қолда бар қаражатын С әрпімен белгілейміз.

Сонда өндірушінің бюджеттік теңдеуін төмендегідей түрде жазуға болады:



мұндағы wL - еңбекті пайдалануға жұмсалған қаражат,

rK – капиталды пайдалануға жұмсалған қаражат.


Бұл теңдеу өндіріске жұмсалатын шығындардың бірдей көлемін қамтамасыз ететін ресурстардың комбинациясын беретін түзуді сипаттайды (6.7-сурет).

Изокоста координата осьтерімен қиылысу нүктелері сәйкесінше фирманың қолындағы қаражатына капиталдан максимум қанша көлемде , жұмыс күшінен максимум қанша көлемде алуға болатынын көрсетеді.

И зокостаның орналасуына өндіруші қаражаты мен қолданылатын ресурстардың бағасы әсер етеді.

Егер кәсіпорынның ақшалай қаражаты азайса, изокоста параллель түрде солға орын ауыстырады. Ал, керісінше, ресурстарды сатып алуға бөлінетін қаражаты артса, изокоста сызығы параллель оңға жылжиды. Ресурстардың бағалары қымбаттаған жағдайда, өндірушінің нақты табысы азаятындықтан изокоста солға қарай, ресурс бағалары арзандағанда, керісінше, оңға қарай параллель жылжиды.

Егер ресурстардың біреуінің бағасы ғана арзандаса, мысалы еңбектің, изокоста сағат тілінің жүру бағытында қарама-қарсы бағытта абсцисса осінің бойымен ғана орын ауыстырады.

Еңбек пен капиталдың біреуінің бағалары қымбаттаса, изокостаның жоғарыдағы орын ауыстырулары кері бағытта жүреді. Изокостаның көлбеу бұрышы ресурс бағаларының қатынасымен анықталады. Изокванта мен изокостаның жанасу нүктелерінде өндірушінің теңдестік жағдайы қалыптасады (6.8-сурет).

Ө ндіруші үшін теңдестік жағдай ресурстарға жұмсалатын қаражаттың шектеулігі тұсында алынатын максимум өндіріс көлемін береді.

Е нүктесінде изокоста мен изоквантаның көлбеулері тең болғандықтан өндірушінің теңдестік жағдайындағы технологиялық ауыстырудың шекті нормасын келесідей түрде жазуға болады:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет