Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет43/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

Техникалық тиімділік дегеніміз – қолда бар ресурстарды қолдану нәтижесінде қол жеткізген өндірістің максималды көлемі.

Ал өндіріс технологиясын таңдау қолданылатын ресурстардың бағасына байланысты және бұл таңдау экономикалық тиімділік критериіне негізділеді. Экономикалық тиіділік – бұл берілген өнім көлемін мейлінше аз шығын жұмсай отырып өндіру.

Фирма экономикасында өндірістің механикаландыру деңгейін көрсету үшін еңбектің капиталмен қаруландыру (қормен қарулану) көрсеткіші пайдаланылады. Ол әр жұмысшыға келетін капитал көлемін көрсетеді:
Кқ=
Бұл көрсеткіш изокванталардың көлбеуіне сәйкес келеді. Изокванталардың көлбеуіне технологиялық ауыстырудың шекті нормасын (MRTS – marginal rate of technological substitution) сипаттайды.

Капиталды еңбекпен технологиялық ауыстырудың шекті нормасы - өндіріс көлемін сақтай отырып өнім бірлігіне кететін еңбек шығынын артыру арқылы капитал шығынын қанша мөлшерге азайту қажеттілігін көрсететін шама:



Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы нақты өндірістегі еңбек пен капиталдың өзара ауыстырылу дәрежесін сипаттайды және нақты өндірістегі капитал мен еңбектің ролін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш еңбек шығынының артуына байланысты азаяды (6.5-сурет).

Бастапқыда 100 дана өнім көлемін алу үшін капиталдың 80, еңбектің 10 бірлігін қолданамыз делік (F1). Егер жұмыс күшін тағы 10 бірлікке арттыратын болсақ, капиталдың 40 бірлігінен бас тартуымыз қажет (F2).


Осылайша

Бұл өндірісте еңбектің қосымша бір бірлігін пайдалану үшін капиталдың 4 бірлігінен бас тартылатынын көрсетеді.

Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы изоквантаның көлбеу бұрышына тең. Оны анықтау үшін изоквантаға жанама сызық жүргіземіз. Пайда болған АОВ тік бұрышты үшбұрышының көлбеу бұрышының тангенсі сол бұрышқа қарама-қарсы орналасқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасына тең:



Біздің жағдайымызда АО – капиталдың бөлігі, ОВ – жұмсалатын еңбектің бөлігі.

Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы еңбек пен капиталдың шекті өнімдерінің қатынасына тең:




Енді осыны дәлелдейік. Ресурстың шекті өнімі, сәйкесінше, және формуласымен анықталады. Жоғарыдағы формулаға шекті өнімдердің мәндерін қойсақ:

екендігі белгілі болады.

Жоғарыда изокванталардың әр түрлі конфигурацияда болатындығын атап өткен болатынбыз. Егер өндірісте қолданылатын екі ресурс өзара бірін бірі толықтай ауыстыра алатын болса, олардың изокванта сызықтары түзу түрінде болады (6.6а-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет