Сұраныс және ұсыныс негіздері


Өнім өндірудің әдіс-тәсілі технология



бет42/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

2. Өнім өндірудің әдіс-тәсілі технология деп аталады. Өндірістік технологияны графиктік түрде екі өлшемді кеңістіктегі сызықтар түрінде көрсетуге болады. Бұл сызықтарды бірдей өндіріс сызығы немесе изокванта деп атайды. Изокванта тұтыну теориясындағы талғамсыздық қисығына ұқсас және ол бірдей өндіріс көлемін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс факторларының комбинациясы бір айнымалы фактордан емес, екі айнымалы фактордан тәуелді, ал өндіріс көлемін тұрақты шама деп есептейміз.

Мәселен, кітап басып шығаратын баспаханада тек екі ресурс - капитал мен жұмыс күші колданылады делік (6.4-сурет).

1 0 дана кітап шығару үшін капиталды көп, еңбекті аз мөлшерде (А) немесе еңбекті көп, капиталды аз көлемде (С) қолдануға болады.

Изоквантаның жоғары бөлігі капитал сыйымдылығы жоғары, төменгі бөлігі еңбек сыйымдылығы жоғары болатындай технологияны сипаттайды.

Егер өндіруші өндіріс көлемін арттыруды шешсе, өндіріс факторларының қосымша бірлігін өндіріске тартуды қажет етеді.
Ресурстардың белгілі бір құрамын пайдалана отырып қол жеткізілген өндіріс көлемінің максимум деңгейін көрсететін изокванталардың жиынтығы изокванталар картасы деп аталады.

Изокванталар да талғамсыздық қисықтарына ұқсас қасиеттерге ие;



  • олар координаталар басынан алыс орналасқан сайын олардың бойындағы ресурстар комбинациясы сол жағында орналасқан изоквантамен салыстырғанда көп өндіріс көлемін қамтамасыз етеді;

  • изокванталар бір-бірімен қиылыспайды;

  • изокванталардың жалпы нышаны, әдетте, теріс көлбеулі қисық түрінде болады. (дегенмен, ресурстардың өзара ауыстырылып-толықтырылуына байланысты, олардың нышаны ерекше сипатқа ие болады).

Изокванталардың талғамсыздық қисығынан айырмашылығы – изокванта бойындағы өндіріс көлемін сандық жағынан анықтауға болады.

Сонымен изокванталар картасындағы әр изоквонта минималды көлемде қажетті өндіріс ресурстарының комбинациясын немесе белгіленген өнім көлемін өндірудің техникалық тиімді әдістерін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет