Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет41/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Капиталдың орташа өнімі капиталдың бір бірлігіне келетін жалпы өнім көлемін көрсетеді және оны капитал (қор) қайтарымдылығы деп атауға да болады. Оған кері шаманы капитал (қор) сыйымдылығы деп атайды. Ол жалпы өнімнің бір данасын өндіруге капиталдың қанша көлемінің жұмсалатынын анықтайды:

Капитал қайтарымдылығы мен капитал сыйымдылығы кәсіпорын капиталы қаншалықты деңгейде тиімді пайдаланылатынын сипаттауға мүмкіндік береді.

Материалдың орташа өнімі кәсіпорында материалдық бір-бірлігін пайдалана отырып, өндірілген жалпы өнім көлемін анықтайды. Оны материал қайтарымдылығы деп те атайды. Ал оған кері шама материал сыйымдылығы деп аталады:

Материал қайтарымдылығының неғұрлым жоғары болуы кәсіпорынның материалдар мен шикізаттарды соғұрлым үнемді пайдаланатындығын білдіреді.

Микроэкономикада орташа және жалпы өнімдермен қоса шекті өнім ұғымы да қолданылады. Айнымалы фактордың шекті өнімі – бұл өндіріс факторларының бір бөлігі тұрақты болған жағдайдағы айнымалы фактордың қосымша бірлігін пайдалана отырып алынған жалпы өнімнің өзгерісі. Ол MP (marginal product – ағылшынша шекті өнім) деп белгіленеді:



- еңбектің шекті өнімі,

- капиталдың шекті өнімі,

-материалдың шекті өнімі.

Жалпы, орташа және шекті өнім өзгерістерінің арасында белгілі бір байланыс бар. Бұл байланыстың сипаты мен бағытын ресурстардың кемімелі өнімділігінің заңы (немесе кемімелі қайтарым заңы) анықтайды. Кемімелі өнімділік заңының мәні мынада: өндіріс факторларының бір бөлігі тұрақты болып, айнымалы факторды қолдануды арттыру белгілі бір деңгейге дейін ғана тиімді, өйткені оны одан әрі арттыру өндіріс көлемінің азаюына әкеледі. Яғни белгілі бір өндіріс факторын қолдануды арттыру өндіріс факторының қайтарымдылығын төмендетеді. Бұл заң эксперименталды жолмен алынған және қысқа мерзімде ғана әрекет етеді.

Кемімелі өнімділік заңын алғаш рет XVIII ғасырдың екінші жартысында ауыл шаруашылығын зерттеу барысында француз экономисті Тюрго ұсынды. Бұл заңды Д.Рикардо да, Дж.Ст.Милл де өз зерттеулерінде қолданды1.

Кемімелі өнімділік заңына сәйкес өндіріс факторларының жалпы өнімінің қисығын салуға болады (6.1-сурет).




Бастапқыда еңбек шығынын арттыру өндірісті өспелі қарқынмен арттырады да Е нүктесіне келгенде ресурстың қайтарымдылығы ең жоғары мәнге жетеді. Өндірісте еңбекті қолдануды әрі қарай арттыру өндірістің көлемінің төмендеуіне әкеледі (F нүктесі).

Өндірісте өндіріс факторының қосымша шығынын ұлғайтпай-ақ озық технологияны енгізе отырып өндіріс көлемін көбейтуге болады (6.2-сурет).

Өндірістің әр сатысындағы жалпы өнім, орташа өнім және шекті өнім арасындағы байланысты 6.3-суреттен көруге болады.


Графикте көріп отырғанымыздай, жалпы өнім С нүктесінде ең жоғарғы мәнге жеткенде шекті өнім нольге тең болады. Еңбектің L3-тен артық көлемін пайдалансақ, шекті өнім теріс мәнге ие болады. Орташа өнім мен шекті өнім қисықтарының қиылысу нүктесінде (В/ нүктесі) орташа өнім максималды деңгейге жетеді.

Сонымен TPL=> max болғанда MPL=0 болады;

APL=MPL болғанда APL=> max мәнге сәйкес келеді.

Өндірісті ұтымды ұйымдастыруды көздейтін кәсіпкер MPL>APL болған жағдайдағы өндіріс сатысында көп іркілмеуге тырысады. Өйткені жалпы өнімнің өсуін қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыру сатысы тиімді. Ал бұл шарт APL>MPL орындалған жағдайда жүзеге асады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет