Сұраныс және ұсыныс негіздері


-дәріс. Өндіріс және өндіріс шығындары



бет39/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
6-дәріс. Өндіріс және өндіріс шығындары.
Дәріс жоспары:

1. Өндірістік функция және өндіріс факторлары

2. Изокванта және технологияны таңдау

3. Изокоста. Өндіріс ауқымынан болатын үнемдеу

4. Өндіріс шығындары.

1. Тұтынушылар теориясы нарықтағы сұранысты тереңірек түсінуге мүмкіндік берсе, өндіріс теориясы ұсыныс жағындағы іс-әрекетті ұғынуға көмектеседі. Өндірістің мақсаты адам қажеттілігін қанағаттандыруға қажетті өнімдер мен қызметтерді құру болып табылады. Кез келген фирма өз стратегиясын анықтау барысында не өндіру керектігін және өнімді қалай өндіру қажеттігін алдын-ала шешіп алады. Өнімнің қандай әдіспен (технологиямен) өндірілетіндігі қолданылатын өндіріс факторларына байланысты.

Фирма өндіріс факторларын кешенді түрде пайдалана отырып, өндірістік процесті жүзеге асырады. Бұл дәрісте осы сұрақтармен қатар фирманың табиғаты мен типтері, оның өндіріс шығындары және шығындарды төмендету принциптері қарастырылады.

Сонымен, өндіріс теориясы, ең алдымен, қолданылатын ресурстар саны мен өндіріс көлемі арасындағы байланысты зерттейді. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда ол тұтыну теориясына ұқсас, бірақ өндіріс теориясындағы негізгі категорияларды белгілі бір өлшем бірлігі арқылы есептеуге болады, өйткені ол объективті сипатқа ие.

Өндіріс дегеніміз - өндіріс факторларына қолдана отырып, адам қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған экономикалық игіліктерді жасап бағытталған экономикалық игіліктерді жасап шығару процесі. Өндіріс – бұл тек қана өнеркәсіптік немесе ауыл шаруашылығы өнімін өндіру емес. Актердің, оқытушының, дәрігердің, көлік жүргізушінің т.с.с. қызметі де адам қажеттілігін қанағаттандыратындықтан өндіріске жатады. Олар материалдық емес өндіріс құрамында қарастырылады.

Қазіргі әдебиетте өндірістің француз экономисті Ж.Б.Сэй ұсынған анықтамасы қолданылады. Ж.Б.Сэй өндірістің процеске адам қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған кез келген қызмет түрін жатқызады. Алайда экономикалық теориядағы өндіріске қатысты экономист пікірлері әр түрлі болады.

Мәселен, антикалық дәуірде қолөнер аса қадірлі қызмет ретінде саналған жоқ. Меркантелистер (XVI-XVII ғ.ғ.) елдегі ақша массасын арттыратын қызметтерді ғана мойындаған. Ал физиократтар ауыл шаруашылығы өндірісін ғана мойындады. А.Смит өндірісті жаңа өнім алумен ғана байланыстырады.

Кейбір экономистер «бүгінгі күні өндірістің экономикалық мазмұнын ашатындай толық анықтама жоқ және оның болуы да мүмкін емес» деп есептейді. Солай десек те, экономикалық теория бойынша оқулықтардың қайсысын алсақ та авторлар міндетті түрде өндіріске, өндіріс факторларына, өндіріс функциясына тоқталады.



Өндіріске толығырақ анықтама берер болсақ, ол адамның немесе кәсіпорынның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында игіліктерді жасап шығару процесі. Өндіріс процесін жүзеге асыру үшін басқа бір игіліктер қажет. Оларды экономикалық теорияда өндіріс факторлары деп атайды.

Өндіріс факторларына, әдетте, жерді, капиталды, жұмыс күшін, кәсіпкерлік қабілеттілікті жатқызады. Өндірістің жоғарыдағы «дәстүрлі» факторларының қатарына ақпаратты, уақытты қосуға болады.

Өндіріс факторынсыз өндірісті ұйымдастыру мүмкін емес. Олар, әдетте, өзара бірін-бірі ауыстырып және бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, кәсіпорында қол еңбегінің қандай да бір көлемін машина еңбегімен ауыстыру мүмкін. Факторлардың өндірістен мүлдем шығып қалуы мүмкін емес. Олар өндірістік процеске аз көлемде болсын, мейлі көп көлемде болсын – қатысып отырады.

Қазіргі неоклассикалық теорияда өндіріс факторларының ара қатынастары мен олардың қайтарымдылығы жоғарыда айтылған өндіріс факторларының өзара ауыстырылуымен және өндірістік функциямен түсіндіріледі.

Қолданылатын өндіріс факторлары мен алынуы мүмкін өндіріс көлемінің максимум деңгейі арасындағы байланыс өндіріс функциясы деп аталады. Кәсіпкерлік қабілеттілікті, ғылыми-техникалық прогресті, уақытты объективті бағалау мүмкін болмағандықтан, әдетте, өндіріс функциясын көрсету үшін капитал мен еңбек қолданылады. Осыған байланысты өндіріс функциясы келесідегідей түрде болады:
,
мұндағы Q – өндіріс көлемі,

K – капитал көлемі,

L – еңбек шығынының көлемі.
Алғаш рет өндірістік функцияны ағылшын математигі А.Берри «Экономика ғылымының принциптері» деп аталатын А.Маршалдың еңбегіне тіркелетін математикалық қосымшаларды дайындауға көмек ретінде ұсынған болатын.

Бұдан басқа экономикалық теорияда Кобб-Дугластың өндірістік функциясы қолданылады. Кобб-Дуглас функциясында өндірілетін өнім мен қолданылатын ресурстар арасындағы тәуелділік икемділік көрсеткіштерін пайдалана отырып түсіндіріледі:


,
мұндағы k – коэффициент,

α және β – капитал мен жұмыс күшінің өзгеру дәрежелері.


Кобб-Дугластың өндіріс функциясы капитал мен еңбек көлемі белгілі бір деңгейге өзгерген кезде өндірістің қаншалықты өзгеретіндігін көрсетеді.

Кәсіпорын үшін өндіріс факторларының ұтымды комбинациясын таңдау қолданылатын ресурстардың қайтарымдылығын арттыруға, ұсыныс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мұны толық түсіну үшін өндіріс факторлары тұрақты факторлар және айнымалы факторлар болып бөлінеді. Тұрақты өндіріс факторларына берілген уақыт аралығында қолдану көлемі өзгермейтін факторлар жатады. Мысалы, аз уақыт ішінде кәсіпорында өндіріс қуаттылығын айтарлықтай арттырып, түбегейлі жаңа техниканы енгізу мүмкін емес. Айнымалы өндіріс факторларына берілген уақыт аралығында сандық жағынан өзгеріске ұшырайтын факторларды жатқызады.



Өндіріс факторларын осылайша бөлу әр ресурстың қайтарымдылығын талдау кезінде қолданылады. Өндірістің бір факторы айнымалы (мысалы, еңбек), ал қалғандары тұрақты болған жағдайда айнымалы фактордың өндіріс көлеміне қаншалықты әсер ететінін анықтауға болады. Ол үшін талдауға жалпы (немесе жиынтық) өнім, орташа өнім, шекті өнім ұғымдары енгізіледі. Өндіріс факторының бір бөлігі тұрақты болып, айнымалы факторды қолданып өндірілген өнім көлемі айнымалы фактордың жалпы (немесе жиынтық) өнімі деп аталады. Ол TP (total product – ағылшынша жалпы өнім) деп белгіленеді. Әр түрлі өндіріс факторының жалпы өнімдерінің белгіленуі индекспен ерекшеленеді:

- еңбектің жалпы өнімі, - капиталдың жалпы өнімі, - материалдық (шикізаттың) жалпы өнімі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет