Неоклассикалық тұрғы. Олардың көзқарасынша еңбек нарығын реттеуші жалақы болып табылады. Жалақы сұраныс пен ұсынысты реттейді, теңдестікті қалыптастырады. Егер бағалық механизмге нарықтық емес факторлар (кәсіподақ, мемлекет) араласса, ақпарат жеткіліксіз болса, нарық жетілмеген болып есептеледі.
Монетаризм. Олардың ойынша да жұмыс күші бағасы тұрақты болады. Нарықтағы теңсіздікті Орталық Банктің несие- ақша саясаты арқылы реттеу керек (есептік ставка, т.б.)
Марксизм. Мұнда еңбекке деген қабілеттілік ескеріледі.