Уақытша кіріктіру – кіріктірудің бұл түрі денсаулық мүмкіндіктері шектеулі, жеке оқытылатын, бірақ өздерінің дендері сау қатарларымен әлеуметтік араласуға (сыныптан тыс тәрбие сағаттарына, жалпы мектепішілік шараларға қатысуға) мүмкіндіктері бар балалар үшін қолданылады. Уақытша кіріктіру кезінде арнайы топтың немесе сыныптың барлық тәрбиеленушілері, қол жеткізген даму деңгейлеріне қарамастан, біріккен тәрбие сағаттарын өткізу үшін айына 2 реттен кем емес өздерінің қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен бірігеді. Уақытша кіріктірудің басты мақсаты қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен қарым-қатынас жасаудың алғашқы тәжірибелерін меңгерту болып табылады. Уақытша кіріктіру, негізінен, келешекте мүмкін болатын кіріктіре оқытудың мейлінше жетілдірілген түріне дайындық сатысы. Кіріктірудің бұл үлгісі қалыпты топтары да, арнайы топтары да бар аралас түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарда, сонымен қатар арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде жүзеге асырылуы мүмкін. [