Бұл тәсілдердің бәрінің негізі қабақ терісінде босаңсыту тіліктерін жасау. Ол үшін жалпы қабылданған ережеге сай операция алаңы дайындалып, жергілікті ауырсындырмау жасалады
Бұл тәсілдердің бәрінің негізі қабақ терісінде босаңсыту тіліктерін жасау. Ол үшін жалпы қабылданған ережеге сай операция алаңы дайындалып, жергілікті ауырсындырмау жасалады.
Диффенбах тәсілі: Сыртқа айналған жоғарғы қабақтың үстіндегі теріден, ал сыртқа айналған төменгі қабақтың астындағы теріден қабақ жиегінен 0,3 – 0,5 см қабақ жиегіне парелелл ұзындығы айналған қабақ бөлігіне тең тілік жасалады. Осыдан соң тағы төбесі 0,5 – 0,7 см қашықтықта болатын, тағаны қабаққа қараған үшбұрыш (жебе ұшы тәрізді) тері кесіп алынады. Егер қабақ терісінде тыртықтар болса кесіп алатын аумаққа осы тыртықтар түскені дұрыс.