Срсп 1 электржетектерінің тағайындалуы мен түрлері



бет5/11
Дата13.11.2023
өлшемі12,77 Mb.
#191183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-15 СРСП

СРСП 7
Синхронды қозғалтқыштың (СҚ) қозу сызбасы
Синхронды қозғалтқыштың (СҚ) қосуы үш интервалдан тұрады: қосалқы синхронды айналу жиілігіне
ω п( ω п=0,95 ω 0) дейінгі қозғалтқыштың қимылы; ротор
орамын қоздыру; желімен синхрондау.
Қазіргі таңда СҚ қоздыру жүйелерінің қорек көзі ретінде басқарылатын түзеткіштер қолданылады (1.34-сурет).
Бастапқы жағдайда КМ2 қосқыштың нормалды жабық контактілермен қозу орамы резисторға қосылған.
Қозғалтқышты желіге қосқан соң, қосалқы синхронды жылдамдыққа дейінгі екпін роторға қойылған қосу қысқа тұйықталған орамдар арқылы жүзеге асырылады.
Қозудың кернеуін беру моментімен басқару токпен немесе айналу жиілігімен бақыланады. Қозғалтқыштың қосалқы
синхронды айналу жиілігіне ( ω п=0,95 ω 0) қол жеткізген
моментте қозу орамы тұйықталған түйіспелер КМ2 ТТ қорек көзіне жалғанады. Ашық түйіспелермен КМ2 резистор қозу орамдарынан айырылады.



Синхронды қозғалтқыштың (СҚ) қозу сызбасы
Ротор орамына қоздыруды берумен қоса статор орамдарына СҚ толық кернеу моментін беруге байланысты СҚ қосудың үш түрі бар: тікелей, күрделі және жеңіл. Тікелей қосу кезінде статор орамына желіден толық кернеу беріледі, ал ротор орамдарының тізбегі зәкір қоздырғышына берік (ажырамай) жалғанады. Тікелей қосу қоздырғышпен берік жалғануы үш шарттың болуы мүмкін: егер қорек желісінің қуаты мүмкіндік туғызса; егер, қосалқы синхронды жылдамдыққа қол жеткізгеннен соң роторға қозу тогын беру үшін, қоздырғыштың өздігінен қозу уақытынан қосалқы синхронды жылдамдыққа дейінгі екпін уақыты аз болса; егер біліктегі статикалық кедергі моменті номиналды СҚ моментінің 40%-дан аспаса.
Дәл АҚ-дай қорек желісінің қуатына байланысты реакторларды, автотрансформаторларды және резиторлар пайдалана отырып, толық және төмендетілген кернеу кезіндегі қосулар қолданылады. Жоғары кернеулі СҚ қосу кезінде түйіспелердің орнына жаңа айырып – қосқыштарды қолданады.
Қоректің төмендетілген кернеумен СҚ қосылу кезінде жеңіл және күрделі қосулар болып бөлінеді. Жеңіл қосу кезінде қозу кернеуі қоректің төмен кернеуінде беріледі. Жеңіл қосу жүктеменің аз статикалық моменттерінде қолданылады, өйткені синхронизмге кіру кезінде аз моменттермен қамтамасыз етеді. Күрделі қосу кезінде қозудың кернеуі, статордың орамында толық кернеу кезінде беріледі. Қосу статикалық кедергінің үлкен моменттерінде қолданылады, өйткені ол синхронизмге кіру кезінде үлкен моменттермен камтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет