Срсп 1 электржетектерінің тағайындалуы мен түрлері


ЖАЗЫҚ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ЭЛЕКТРЖЕТЕК



бет8/11
Дата13.11.2023
өлшемі12,77 Mb.
#191183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-15 СРСП

ЖАЗЫҚ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ЭЛЕКТРЖЕТЕК


Асинхронды ЭЖ-тердің көпшілігінде айналмалы қозғалысты қозғалтқыштар қолданылады, мұндай қозғалтқыштарды қолданғанда, атқарушы органдары ілгерілемелі қозғалатын жұмыс машиналары мен механизмдерінің жетектеріне (металл өңдейтін станоктар мен көпірлі крандарды қозғалтатын ілгерілету механизмдері, ұсталық- баспақтау машиналары, транспортерлер, ысырмалар жəне т.б.) қозғалтқыш білігінің айналмалы қозғалысын ілгерілемелі қозғалысқа айналдыратын механикалық берілістер қажет. Мұндай механикалық берілістерге қосиінді-бұлғақты механизм, тегершік – төрткілдеш, бұрандама – гайка жəне тағы да басқа бірқатар берілістер жатады.
Мұндай ЭЖ-терде ілгерілемелі қозғалатын қозғалтқыштарды пайдалануға деген ұмтылысты түсінуге болады, себебі соның арқасында механикалық берілістерді қолданудан бас тартып, жетек пен технологиялық жабдық жұмысының техникалық жəне экономикалық көрсеткіштерін арттыруға болады. Дəл сол себепті тұрақты жəне ай- нымалы ток жазық қозғалтқыштары, əсіресе асинхронды ЖАҚ-тар жасалып шығарылды.
Мұндай қозғалтқыштың құрылымы жайлы түсінікті қалыпта- стыру үшін, ойша айналмалы қозғалысты АҚ роторы мен статорын жасаушы бойымен кесіп, 5.46, а суретінде көрсетілгендей оларды жазықтыққа жаю керек. ЖАҚ-тың əрекет ету принципі айналмалы АҚ-тың əрекет ету принципімен бірдей. Статор 3 орамасын 4 айны- малы ток желісіне қосқанда, ол магниттік өрісті қалыптастырады, ол v = 2тf 1 сызықтық жылдамдықпен ілгері қозғалады, мұндағы f 1 – қо- ректендіруші кернеудің жиілігі, т – статордың полюстік бөлінісінің ұзындығы. Сызықты қозғалатын магниттік өріс ротор 2 орамасында І ЭҚК-ті жасайды, соның əсерінен онда ток ағып өте бастайды. Дəл осы ток пен магниттік өрістің өзара əрекеттестігі роторда (оны екін- ші реттік элемент деп атайды) тартым күшін жасайды да, ол оны қозғалысқа əкеледі.

    1. сурет.

Екінші реттік элемент ЖАҚ статордан (бірінші реттік элемент) ұзын немесе қысқа, орамасыз немесе орамамен, жазық не цилиндр формасында болуы мүмкін. Мысал ретінде түтік тəрізді ЖАҚ-тың құрылымын қарастырайық (5.46, б сур. қараңыз), оның статоры ци- линдр түрінде 1 жасалған, оның ішінде ораманы жасайтын шарғы- лар 2 мен магнит өткізгіштің бөлігі болып табылатын металл шай- балар 3 орналасқан. Статордың ішіне ферроммагниттік материалдан жасалған, түтік тəріздес қозғалғыш екінші реттік элемент 4 орнала- стырылады.


Орамасыз жазық екінші реттік элемент табақ, жолақ немесе рельс түрінде жасалады, олар екі статор арасында (екіжақты статоры бар ЖАҚ) немесе статор мен ферроммагниттік білік арасында орна- ластырыла алады. Екінші реттік элементі жолақ түріндегі ЖАҚ-тың əрекет ету принципі көлемді ферроммагниттік роторы бар қарапай- ым АҚ-тың əрекет ету принципімен бірдей.
ЖАҚ керіқайтымды режимде де жұмыс істей береді, онда екінші реттік элемент қозғалыссыз тұрады да, статор ғана қозғалады. Мұн- дай ЖАҚ-тар əдетте транспортта қолданылады, онда екінші реттік
элемент есебінде рельс (немесе арнайы жолақ) қолданылады, ал қозғалмалы элемент транспорт құралының өзіне орналастырылады. ЖАҚ координаттарын реттеу, қарапайым айналмалы қозғал- тқыштыкімен бірдей, резисторлардың көмегімен, жиілікті жəне берілетін кернеуді өзгерту арқылы жүзеге асырылады, ал тежеу ди-
намикалық немесе қарама-қарсы болуы мүмкін.
Барабандарға 3 бекітілген металл таспасының 2 көмегімен бұй- ымдарды 1 тасымалдауға арналған конвейердің (5.46, s сур. қараңыз) жетегіне ЖАҚ-ты қолдану мысалын қарастырайық. Таспа 2 ЖАҚ- тың екі статорының 4 арасынан өтіп, оның екінші реттік элементі болады. Бұл жағдайда ЖАҚ-ты қолдану таспа қозғалысының жыл- дамдығын арттыруға, оның сырғанап кетуін болдырмауға, механи- калық берілістен бас тартуға мүмкіндік береді. Бірнеше ЖАҚ-тарды орнату ұзын конвейерлерді құруға мүмкіндік туғызады, қозғалмалы АҚ бар дəстүрлі ЭЖ-ті қолданғанда бұған қол жеткізу қиынырақ.
ЖАҚ-ты ұсталық-баспақтау машиналарының, штоктары іл- герілемелі қозғалатын ысырмалар мен клапандардың, тоқыма ста- ноктарының, лифт есіктері механизмдерінің жетектері үшін пайда- ланған абзал. Жазық қозғалтқыштар қолданылатын тағы бір үлкен сала – электр көліктері саласы болып табылады.

СРСП 12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет