Стан археологиясы



бет72/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Қоңыртөбе қорымы Отырар жазирасындағы толымды зерттелген 
ескерткіштердің бірі болып табылады. Ол қаладан батысқа қарай 0,3-0,4 км
жерде орналасқан және ауданы 12-13 га телімді алып жатыр. Бҧл телімнің 
оңтҥстік бӛлігінде жоспары сопақша келген, біршама жайылып кеткен
биіктігі 2,5 м, ауданы 35х45 м тӛбешік орналасқан. Тӛбешікті аршу 
барысында бір-біріне тығыз жапсарласа жатқан тоқсан шақты қабір
анықталған. Қабірлер тӛбешіктегі қазіргі жер бетінен 0,4-1,5 м аралықтағы 



215


тереңдікте жатыр. Мҥрделер тӛменгі жағына шикі кірпіш қойылған аса терең
емес шҧңқырларға, сондай-ақ қарапайым тік бҧрышты шҧңқырларға
жерленген. Мҥрделерге ешкім тимеген, олар анатомиялық тәртіп бойынша,
мәдени қабатымен бірге жатыр.
Кӛлемі 0,6-0,75х1,8-2,2 м камераға органикалық тӛсеніш тӛселді де,
оған мҥрде қойылды. Қаңқалар шалқасынан жатыр, қолдары дене қасында, 
саусақтары жамбас сҥйек жанында немесе олардың астында, не болмаса еден
бетінде; аяқтары созылған, тізелері кейде айқастырылған; бас сҥйегінің беті 
жоғары қаратылған. Бас жағына, аяқ жағына керамикалық қҧмыра қойылған,
кейде қҧмыраның аузы саптыаяқпен жабылған. Мҥрденің жанына әдетте 
қойдың алдыңғы аяғы мен жауырына қойылды, бҧл Орта Азия бҥйірлі-
катакомбалы қабірлеріне тән дҥние болып табылады. Әйел және ер 
адамдардың жерлеу инвентары бірден ӛзгешеленеді. Алдын-ала жасалған
антропологиялық зерттеулер табылған жиырма бас сҥйектің он бесінде 
сақиналы деформация болғандығын дәлелдеп берді.
Ер адамдардың қабірлерінен белбеудің темір айылбастары шығады. 
Олар: тілі жылдам қозғалатын қарапайым дӛңгелек айылбастар; ӛтпелі темір
қҧрсау тҥрлері; рамасы тӛрт бҧрыш секілді келген темір айылбастар. Бір 
ретте қаңқадан қоладан жасалған айылбастар мен «ирек тәрізді»
жапсырмалары бар екі белбеу шыққан: айылбас жанындағы жапсырмалары 
белбеудің бӛлігін (20-25 см) жауып тҧрған. Қола айылбастар басқа да
қабірлерден шыққан. Қираған қабірден бірегей бір айылбас табылған, оның 
дӛңгелек рамасы жасыл нефритпен кӛмкерілген, ал тілі мен жылжымалы
қалқаншасы ҥш жерден қола шегемен бекітілген.
Ер адамдардың қабірінен шағын пышақтардан басқа әйел адамдардың
қабірінен де кездесетін темір қанжарлар шығады, ҧштығы жоқ жҥзінің 
ҧзындығы 30-40 см. Сонымен қатар темірден жасалған ҥш қалақты сапты
жебе ҧштары да табылады. Бір рет шіріп кеткен сҥйек пластина шыққан, ол 
садаққа тағылған жапсырма болса керек.
Әйелдердің қабірінен сан алуан моншақтар (тау хрусталі, шыны паста
ақық, маржан, янтарь), графит кесекті сҥрметас таяқшалары; ешкі мҥсіні
секілді қола бойтҧмарлар; қола айналар; сҥйектен жасалған, басына мҥсін 
салынған шашқа тағатын тҥйреуіштер аршып алынған. Мҥрделердің
бағытталуы да ӛзгеше. Әйел адамдардың қаңқаларындағы бас сҥйектер 
кӛбіне оңтҥстік – оңтҥстік-шығысқа, ал ер адамдар басы әдетте солтҥстік –
солтҥстік-шығысқа қарай бағытталған.
Ересек адамдар қабіріндегі тҧрақты жерлеу ғҧрпынан бір-екі ӛзгешелік
байқалады: бірқатар қабірлерде мҥрде бҥйірімен жатқызылған, ал екі 
жағдайда хумға салынған.
Бірқатар қабірлерден қаңқа айналасын қоршап тҧрған шикі кірпіш іздері 
байқалмаған. Сҥйек қаңқа оң немесе сол жақ бҥйірімен жатқызылған,
қолдары кӛкірек тҧсында бҥгілген, аяқары да тҥрлі деңгейде бҥгіле тҥскен. 
Ал бҧл қабірлерден табылған заттар осындағы материалдық кешенге ҧқсас
екендігі анықталған. 



216


Бҥйірінен жатқан хум қабірінен басы солтҥстік – солтҥстік-шығысқа
бағытталған жас ӛспірім бала қаңқасы аршып алынған. Қаңқа кҥл тӛселген 
тӛсеніш ҥстінеқойылған, басы хумға сыймаған, оған иық тҧсы саусақпен
басылған ойықтар арқылы ӛрнектелген кӛлемді бір ыдыс «кигізілген». Мҥрде 
жанына заттар қойылмаған. Оның жанындағы қабірде басы солтҥстік-
шығысқа қаратылған ересек адам «жатты». Ол хум қабырғаларының 
сынықтарынан жасалған қабатқа қойылған, ҥстіне кҥл себілген және ернеуі
жылжып кеткен хумның екі бӛлігімен жабылған. Бас сҥйектің сол жағынан 
ҧштары жабыла қоймаған қола жҥзік секілді сырға шыққан. Белбеуінен
пышақ, қабылдағышы бар дӛңгелек темір айылбас, жамбас сҥйегінің астынан 
жоны шығыңқы тағы бір пышақ аршып алынған.
Жас балалардың мҥрдесі терең емес шҧңқырлардағы қҧмыра секілді 
ҥлкен ыдыстар мен хумдарға салынып жерленді. Кейбір жағдайларда балалар
қабірі әйелдермен бірге болды. Балалар қабіріне әдетте 2-ші типтегі шағын 
кӛзелер қойылды, кейде 2-3 моншақ, қабыршақ алқалары да кездеседі.
Жерлеу ғҧрпының қызықты бір кӛрінісі қола белбеулі мҥрдені аршыған 
кезде анықталған. Мҧнда мҥрде ағаш кҥлінің жҧқа қабатына қойылған, оның
ҥсті де қызу бар кҥлмен жабылған. Мҥрдені қызып тҧрған кҥлмен жабу басқа 
да қабірлерден анықталған.
Кей жағдайларда бас сҥйектің бет жағынан, әдетте жақ сҥйегінің тӛменгі 
жағынан, оның астынан, ауыздан, бетті бойлай жатқан жҧқа мыс пластиналар
да шығады.Олардың ені 3-5 см, ҧзындығы 8-10 см. Ҥш пластинадан 
қарапайым ӛрнекті қҧрайтын дӛңгелек ойықтар басып тҥсірілген.
Пластиналардың қолданыстағы мәні анықталмаған. Бәлкім олар бетін жабын 
жауып тҧрған мҥрденің ерніне (кӛзіне?) қойылған да шығар. Әдетте
пластиналар ҥстінен шіріп кеткен мата қалдықтары анықталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет