Стан археологиясы



бет76/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Қорымдарды қазу. Катакомбалы жерлеу Шардара ауданындағы ҥш
пункттен анықталған. Жаман-Тоғай қорымындағы тӛрт обадан текпішекті 
дәлізі бар катакомбалар табылған. Әсіресе қираған №9 оба олажалары
қызықты. Камерадан тік бҧрышты ҧстағышы бар тҧғырлы ысталған мыс 
қазан табылған. Қазан тҧрпаты бойынша біздің заманымыздың шебіндегі
хунну қазандарына қатты ҧқсайды. Келесі бір катакомбадан мойыны тар 
және спираль тәрізді ӛрнегі бар қыш қҧмыра шықты, ол да хунну
ыдыстарына тән. Сол жерден аң бейнелерімен нақышталған сҥйек айылбас 
шыққан.
№14 обадағы мҥрде катакомбадағы қамыс тӛсеніш ҥстінде жатты, сол 
жағына металл ҧштығы мен айқыштығы жоқ ҧзын темір семсер қойылған.
№14 обадан басқа ҥш оба біздің заманымыздың шебімен мерзімделген.
Ақтӛбе қорымынан қазылған барлық обалар І-типтегі катакомбалардан
тҧрады. Басқа қорымдардан ӛзгешелігі катакомбаға кірер есік шикі 
кірпіштермен (40х40х12; 35х35х12 см) ӛрілген. Молаларда екі және тӛрт
қаңқа болған. Қайтыс болған адамдар шалқасынан, басы шығысқа 
қаратылып, аздап солтҥстікке немесе солтҥстік-шығысқа қарай ауытқи
жатқызылған. Сірә, катакомбалар отбасылардың қабірханасы болған. Обалар 
тоналған. Ирек (толқынды) сызықтармен ӛрнектелген кӛзелер мен
қҧмыралардың ҧстағыштары болды немесе болмады да. Сыр бояу араласқан 
жҧғындыны жағу тәсілі де кеңінен қолданылған. Банка тәрізді, қҧмыра
секілді және конус сияқты ҧстағышты саптыаяқтар да сан алуан. 
Мола қҧрылысы, жерлеу ғҧрпы мен ішінара қҧрал-саймандарына қарай
катакомбалық қабірлер біздің заманымыздың алғашқы ғасырларына жатады. 
Ақтӛбе қорымындағы материалдар онымен кӛрші тҧрған және сол уақытпен
сай келетін Ақтӛбе-2 қонысының қыш ыдыстары мен бҧйымдарына ҧқсас 
болғандықтан, қорым І-ІІІ ғасырлардағы осы қоныстың отырықшы халқына
тиесілі болған деген пайымдау жасалды. 
Катакомбалардың кӛпшілігі Ақтӛбе қорымынан 15 км солтҥстік-батысқа
қарай жердегі Шәушіқҧм қонысы жанында орналасқан Шәушіқҧм 
қорымынан табылған. Сопақша тҧрпаттағы катакомбалар батыс-шығыс
сызығы бойынша созылып жатыр. Дәліздер тік бҧрышты, тар әрі ҧзын. Олар, 
әдетте, текпешекті (сатылы) болып келеді және камераға оңтҥстік жақтан
жақындайды. Молаларда тҥгелдей бір адамнан жерленді. Мҥрделер 
шалқасынан жатқызылып, бастары шығысқа қаратылған (аздап солтҥстікке
немесе оңтҥстікке ауытқыған). Қайтыс болған адамның жанына бай қҧрал-
саймандар мен ғҧрыптық ас (қой еті) қойылды. Молалардың бірінен лақа
балықтың қылтанағы да табылған. 
Қабірден алынған қҧрал-саймандарына қарай әйел және ер адам
молалары ажыратылады. Ер адамдардың қабірінен металл ҧштығы мен 
айқыштығы жоқ темірден жасалған екі жҥзді семсер мен қанжарлар
табылған. Тек бір семсерде ғана тік қола айқыштық болған. Жҥздерінде іші 
матамен оралған ағаш қынапқалдықтары сақталған. «Ғҧн типіндегі» деп
аталатын кҥрделі садақтан тек сҥйек жапсырмалары ғана сақталған. Темір 
жебе ҧштары ҥш қалақты. Тҧрмыс заттары қарапайым пышақ пен тілі




223


жылдам қозғалатын темір айылбастардан тҧрады. Ат әбзелдерінен
ауыздықтар сақталған. Кейбірі алтын қаңылтырмен жабылған. Әйел 
адамдардың қабірінен сапты жалпақ қола айналар, жануарлар сҥйектерінен
жасалған бойтҧмарлар, темір сақианалар, жҥзіктер, сан алуан моншақтар мен 
саз балшықтан жасалған ҧршықбастар секілді сәндік заттар мен әшекейлер
табылған. Қыш кӛзелер ер адамның да, әйел адамның да қабірлерінен 
шығады. Камера дәліздің жалғасы болған катакомбаларда кірер есік таспен
немесе қамыспен жабылған (ІІ-тип). Мҧндағы керамика І-типтегі 
катакомбалардан табылған ыдыстардан сәл ӛзгешелеу. Ӛзіндік қҧты сауыт
(фляга) ерекшеленеді. Жекелген заттардың кейбірі де ерекше. Ҥшінші 
типтегі жерлеу ескерткіштері бҥйірлі молалардан тҧрады. Олардың барлығы
аздап батысқа немесе шығысқа қарай ауытқи меридиан бағытта созылып 
жатыр. Бҥйірлі қазбаның қуысы батыс және шығыс қабырғаны бойлай
қазылған. Оған кірер ауызға тас немесе шикі кірпіш (39х39х12-15 см) 
қаланған. Молалардан қару-жарақтар – темір қанжар мен ҥш қалақты сапты
жебе ҧштары, садақтың сҥйек жапсырмалары табылған. Тҥбі жалпақ кӛзелер, 
ҧстағышты саптыаяқтар, т.б. да аршып алынған. Шәушіқҧм қорымындағы
бҥйірлі қабірлердің ІІ-ІҤ ғасырлардағы Тӛменгі Еділ маңындағы кейінгі 
сармат және де Ферғана, Ташкент пен Бҧхара жазираларындағы
ескерткіштермен ҧқсастығы байқалады. 
Мҧндай молалар Ташкент жазирасынан, Ахангаран ӛзені алабынан, Кҥл-
Ата қаласының маңынан да анықталған. 
Қарапайым топырақ молалар қарастырылған қорымдарда кӛп кездесе
қоймайды. Шәушіқҧм қорымындағы екі обадан сары топырақ ҥйіндісі 
астындағы бҧрынғы жер бетіне салынған тас қоршау табылған. Ер адам
жерленген қабірдің бірінен темір семсер бӛлшектері, қола сырға мен екі 
ыдыс – қҧмыра мен тҥбі дӛңгелек тостаған алынған. Керамика ӛзге жерлеу
типтеріндегі ыдыстардан ӛзгеше, бірақ кейбір ыдыстар сол типтерге жататын 
қҧмыралардай сырланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет