Стан археологиясы


Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері



бет77/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері 

Жетіасар мәдениетінің негізгі кешені Аралдың шығыс маңында, тӛменгі 


Сырдария-Қуаңдарияның ежелгі сағаларындағы алабтағы аллювиаль
жазықтықта орналасқан. Жетіасар ескерткіштерінің таралған оңтҥстік 
шекарасы Жаңадарияның қҧрғақ арнасынан солтҥстікке қарай ӛтеді.
Жетіасар ескерткіштерін алғаш рет 1946 жылы зерттеп, жеке мәдениетке 
бӛлген С.П.Толстов болып табылады. Ол ӛз атауын ескерткіштер мейлінше
шоғырланған Жетіасардан алған. Хорезм археологиялық-этнографиялық 
экспедициясының кӛп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде жетіасар
мәдениетінің ескерткіштері толымды тҥрде зерделенген, ал қазба 
материалдары мен зерттеулер материалдары Л.М.Левинаның бірнеше
монографияларында баяндалған.



224


Аталған ауданда Жетіасар мәдениетінің дамуындағы ҥш кезеңді
белгілеуге және оның ІХ ғасырға дейін жеткен жоғарғы шекарасын 
анықтаудың сәті тҥсті.
Жетіасар мәдениетінің бастапқа мерзімі нақты анықтала қойған жоқ. 
Ескерткіштерді одан да ҧсақ хронологиялық кезеңдерге бӛлуге мәдениеттің
сыртқы біркелкілігі ғана емес, сондай-ақ тіпті шағын жетіасарлық 
қалалардың ӛзінде мәдени қабаттардың қалың екендігі де қиындық туғызып
отыр. Бҧл ҧмтылыстар І кезең ішіндегі хронологиялық бӛлуді, яғни 
мәдениеттің бастапқы кезін тҧспалдап бӛлуге жетелейді. Бірнеше
ескерткіштердегі стратиграфияға қарап, жетіасар мәдениетін І, ІІ, ІІІ секілді 
ҥш хронологиялық кезеңге бӛлуге талпыныс жасалды. Бҧл кезеңдердің
алғашқысын, шамамен шартты тҥрде б.з.б. І-мыңжылдық ортасынан соңына 
дейін мерзімдеуге болатын сияқты; екіншісі – б.з.б. соңғы ғасырлар мен б.з.
алғашқы ғасырлары, ол ІІ-ІV ғасырлармен аяқталынуы мҥмкін; ҥшіншісі – V-
ІХ ғасырлар.
Жетіасар мәдениетінің қайнар-бастаулары қола дәуірінің соңына барып 
тіреледі.
Жетіасар мәдениетінің 47 қаласы белгілі. Олардың барлығы кӛп мәдени 
қабаттан тҧрады және мықты қорғаныс жҥйелерімен кҥшейтілген, бекініссіз
қоныстары жоқ. 
Қалалардың барлығы ӛзен сағаларына таяу жерлерде орналасқан және
обалы алқаптармен қоршалған. 
Әдетте бір салаға немесе арна теліміне жақын араға шоғырланған және
бір-бірінен 2-8 км қашықтықтағы бес-алты шағын қалалар бір топты 
қҧрайды, олардың арасынан бір қала ӛзінің кӛлемі бойынша дараланады.
Бірінші кезеңдегі жетіасарлық қалалардың барлығы дӛңгелек не болмаса 
сопақша жоспардағы биіктігі қазіргі жер бетінен 8-20 м, ауданы 0,5-10 га екі
қабатты тӛбе тҥрінде. 
Әрбір қаланың ӛзегін кҥрделі фортификациялық жҥйесі бар кӛп қабатты
ҥлкен ҥй қҧрайды. Әдетте жоғарғы алаң ҥш жағынан (барлық жағынан 
қоршалу сирек) екінші, одан да тӛмен алаңмен қоршалған, ол да дуалмен
қоршалып тҧрған. Жетіасардың ерте кезеңінде тӛменгі алаңда кӛлемді 
қҧрылыстар болды, олар мал қора да болуы мҥмкін. Кейіннен тӛменгі алаңға
да жоғарғы алаң сияқты баспаналар тығыз салынып кетті. Сӛйтіп, ол екеуі 
біртҧтас баспаналар кешенін қҧрады. Тек екі қалада ғана ҥшінші бӛлік
болды, солтҥстік жаққа орналасқан бӛлік те дуалмен кҥшейтілді. Осындай 
қалалардың бірінде (Жетіасар-2) орталыққа қосылған ҥшінші бӛлікте қолдан
жасалған су алабы болған, тек кейіннен оның аумағына ӛзге екі бӛлік сияқты 
тҧрғылықты секциялар салынып кеткен.
Барлық қҧрылыстар пахса мен жоспары тік бҧрышты ҥлкен форматтағы 
шикі (қам) кірпіштен соғылған.
І кезеңнің фортификациялық қҧрылыстары кейде кірпіш қаландысымен 
де ҥйлесті. Кейде шикі кірпіштер (50х30х9 және 60х30х9 см) жҧқа пахса
қатарымен алмастырылған кездер де болды, мҧндай жағдайда қабырғаға тас 
қаланған сияқты кӛрінетін. Бҧл кезеңнің ғимараттары кӛбіне кҥмбезделіп




225


жабылды. Кҥмбездер пішіні трапеция тәрізді ҥлкен шикі кірпіштермен (45-
50х23-25х25-30 см) аздап қисайып немесе қисайтылмай, сақина сияқты 
қиыстырыла кӛтерілді. Бӛлмелер ӛтпелі-аркалар арқылы байланысты. Ірі
бӛлмелер, сарайлар және екінші алаңдағы қҧрылыстар жалпақ шатырмен 
жабылған сияқты. Ағаш тіреуіштер шатырды ҧстап тҧрды. Есікке де ағаш
пайдаланылды. 
І кезеңнің соңына қарай бекініс қҧрылыстары шағын кӛлемдегі шикі
кірпіштер (40-42х26-30х9-10 см) қатарымен ӛрілді. Мҧнаралардың кҥмбезді 
жабындары бҧрынғы ерте кезеңдегідей ірі трапеция пішіндес кірпіштермен
тҧрғызылды. 
Сыпалар, ошақтар, каминдер бҥйірінен қойылған шикі кірпіштерден
немесе олардың сынықтарынан жасалды, соңынан саз балшықпен сыланды. 
Ҧсақ далдаға каркас ретінде ағаш пайдаланылды.
Жетіасар қҧрылыс техникасы жоғарғы деңгейге жеткен, мҧны кҥмбездер 
конструкциясы да растайды.
Барлық жетіасар қалаларының мықты қорғаныс жҥйелері болды, қала 
ішіндегі әрбір алаң ӛз бекініс қабырғаларымен (дуалдарымен) қоршалды.
Қазба жҧмыстары фортификациялық қҧрылыстардың даму динамикасын 
анықтауға мҥмкіндік берді. Бастапқыда сопақша келген бекіністің ӛзегі
(шамамен 45х50 м) периметрі бойынша пахса блоктары мен шикі кірпіштер 
арқылы кӛтерілген мықты дуалмен қоршалды. Бекініс қабырғасына шахмат
тақтасының тәртібі бойынша ҥш немесе екі қатар оқ ататын тесіктер 
жасалды. Қамал ішіне екі қабатты кҥмбезді бӛлмелер орналасты. Кейіннен
бекініс қабырғасының сыртына мҧнара мен биік табанды оқ ататын 
галереялар тҧрғызылды, соңғыларына қайтадан мҧнара жапсарлатыла
салынды, бірақ оның платформасы биік еді, бҧл мҧнараларға жаңа дуалдар 
соғылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет