267
XI ғасырдың 30-шы жылдарының аяққы кезінде Қарахан әулетінің
мемлекеті екіге бӛлінеді. Батыс хандыққа Ходжентке дейінгі Мауераннахр
кірді. Астанасы Бҧхара қаласы болған еді. Шығыс хандық қҧрамына Тараз,
Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кірді. Оның астанасы
Баласағҧн қаласы болған.
Қарахан әулетінің хандары билікті орталықтандыруға ҧмтылды, алайда
бҧл әрекеттері нәтижесіз болды, ӛйткені билеушілер жиі алмасып отырды.
Соңынан қарахан әулетінің мемлекетін қарақытайлар толық кҥйретеді.
Қарақытайлар (1128-1213) мен наймандар мемлекеттері (1213-1219).
Қарақытайлардың қҧрылуы Қытайдың солтҥстік жағында Маньчжурия мен
Уссурий ӛлкесінің аумағын мекендеген б.з. IҤ ғасырынан бастап жазба
деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталатын Орталық Азияның қидан
тайпаларымен тығыз байланысты. 924 жылы Алтайдан бастап, Тынық
мҧхитқа дейінгі аса кең жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына
ӛтеді. Қидандардың билеуші әулеттері Солтҥстік Қытайды мекен етті.
1125 жылы Сунь Кытайы мен Чжурчжень мемлекетінің біріккен кҥші
Ляо империясын қҧлатады. Қидандардың бір бӛлігі (40 мың тҥтін) Елюй
Дашы қолбасшымен бірге Еміл ӛзенінің бойына жетеді де, сол арадан қала
салады. Жетісуда қидандарды қарақытайлар деп атайды.
1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағҧн билеушісі ӛздеріне
қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлҧқтарға қарсы аттануга
шақырады. Қарақытайлар кӛсемі Елюй Дашы Баласағҧнды басып алып,
Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырып, Жетісуға ӛз мемлекетін
орнатады. Сосын бірқатар жаулау жорықтарын жасап, мемлекет шекарасын
Енисейден Таласқа дейін кеңейтеді. Содан кейін қарақытайлар қаңлыларды
бағындырып, Шығыс Тҥркістанды қосып алады. 1137 жылы олар Ходжент
жанында Мауераннахрдың иесі Махмҧд-ханды талқандады, ал 1141 жылы
салжық-қарахандар әскерін кҥйретеді. Сӛйтіп, қарақытайлар Бҧхараны және
кҥллі орталық Мауераннахрды басып алады. Жетісу, Оңтҥстіқ Қазақстан,
Мауераннахр мен Шығыс Тҥркістан қарақытай мемлекетінің қҧрамына енеді.
Қарақытай мемлекетінің басшысы
гүрхан деп аталды. Баласағҧн оның
иеліктерінің орталығы болып қала береді. Қарахандар әулетін қарақытайлар
ӛз вассалына кҥштеп айналдырады.
Алайда Жетісудың (Іле аңғары) Іле ӛзенінен солтҥстікке қарай жатқан
бір бӛлігі бҧрынғысынша қарлҧқ хандарына тиесілі болып қала берді,
олардың арасында қарақытай билеушісінің ӛкілі ӛмір сҥрді.
1208 жылы Жетісуға Моңғолиядан Шыңғысхан тықсырып қуып шыққан,
Кҥшлік хан бастаған наймандар қашып келеді. Наймандар ҧлысының да
ҧзын-сонар тарихы бар. Олар Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік қҧрылым
болды. Наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы кҥрделі де, қиын
мәселе. Ғылыми әдебиеттегі соңғы мәліметтер олар тҥрік тілдес болды
дегенді нақты дәйектейді. Ғалымдар «найман» терминінің тҥпкі мәні моңғол
тілі тҧрғысынан алғанда ашылады, ол конфедерацияға енген тайпалар санына
қарап, «сегіз» деген сӛз деп болжам жасайды. Кӛне тҥрік жазуларында
айтылатын «сегіз-оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңдестіреді. VIII
268
ғасырда оғыз тайпаларының бірлестігі Орхон ӛзенінен бастап, жоғары
Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны мекен
еткен болатын. Сірә, оғыздарды осы наймандар ығыстырған болса керек.
1211 жылғы қарақытай мемлекетінде қалыптасқан жағдайды оңтайлы
пайдаланған Кҥшлік-хан ӛз одақтастарымен бірге гҥрханды тҧтқындап,
биліктен тайдырады. Сӛйтіп, Қарақытай мемлекеті ӛмір сҥруін тоқтатады.
Жетісудағы билік наймандардың басшысы Кҥшлік-ханның қолына ӛтеді.
Достарыңызбен бөлісу: