Стан археологиясы


Моңғол шапқыншылығы мен Моңғол империясының құрылуы



бет100/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Моңғол шапқыншылығы мен Моңғол империясының құрылуы. ХІІ
ғасыр ортасында моңғол тайпалары Орхон мен Керулен ӛзенінен батысқа 
қарай жылжып, Моңғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы ағысынан наймандар
мен қыпшақтарды ығыстырды. Моңғолдар солтҥстікте Байкалдан Енисейдің 
жоғарғы ағысына дейінгі, оңтҥстікте Гоби шӛліне шейінгі аумақты
қоныстанып жатты. 
Моңғол, керейіт, найман, татар, қоңырат және басқа да кӛптеген моңғол
және тҥрік тайпалары арасындағы толассыз қақтығыстар мен соғыстар ХІІІ 
ғасыр бас кезінде Шыңғысхан басқарған Моңғол мемлекетінің қалыптасуына
алып келді. 20 жылдай аяусыз кҥрес жҥргізген Шыңғысхан барлық моңғол 
тайпаларын біріктіріп, жеке дара билеушіге айналды. 1205 жылы Қҧрылтайда
моңғол шонжарлары Темучинді жоғарғы билеуші етіп, Шыңғысхан деген 
атпен хан сайлады.
Тарихи дереккӛздерінде жаулап алушылар әркелкі аталды: «моңғолдар», 
татар-моңғолдар», «татарлар», моңғол-татарлар». «Татар» этнонимі шығыс
моңғол тайпаларының бір бӛлігіне ғана қолданылды. Моңғолияның барлық 
тҧрғындары Қытайда «татарлар» деп аталынды, Қытай деректемелері арқылы
ол араб, парсы, орыс және батыс-еуропалық дереккӛздеріне ӛтті. Шыңғысхан 
мен оның айналасындағылар ӛздерін «моңғол» деп атады, ал мемлекетін
«моңғолдық» деп кӛрсетті. «Татар-моңғол», «моңғол-татар» сӛздері кейіннен 
қалыптасқан.




271


Қытайға басып кіргеннен кейін және оны жаулап алғаннан соң (1211-
1215) моңғол армиясы қытай әскери техникасымен – қабырғаны атқылайтын 
және от ататын қарумен қаруланды.
1218-1219 жылдары моңғолдар кӛршілес елдердің кӛптеген халықтарын 
жаулап алды. Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлері тартып алынады,
Ҧйғырдың Тҧрфан бектігі моңғол бодандығын ӛз еркімен қабылдайды. Цинь 
империясының әскерін талқандағаннан кейін, моңғолдар Солтҥстік Қытайды
басып алады.
Шыңғысханның келесі міндеті батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды,
Таяу Шығыс пен Кавказдың ар жағын, Шығыс Еуропаны жаулап алу болады.
Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Сегіз жыл ел
басқарған найман билеушісінің (Кҥшлік-хан) Хорезмшах Мҧхаммедпен және 
қарлҧқ билеушісімен болған соғыстары Жетісу тҧрғындарын қажытқан еді.
Кҥшліктің мҧсылмандарды қудалауы да халықтың ашу-ызасын туғызды
сондықтан да дінге қысым кӛрсетпейміз деген моңғолдар қҧтқарушы ретінде
қарсы алынды. Мҧхаммед Хайдар Дулати келтірген мәліметтерге қарағанда, 
Кҥшлік-хан исламды уағыздаған бір ғҧламамен айтысады. Ол исламның хақ
дін екендігін Кҥшлікке дәлелдеп береді. Бҧған ыза болған әрі христиан 
ілімінің артықшылықтарын қорғай алмаған Кҥшлік ислам қҧндылықтарын
мойындағысы келмей, ғҧламаны қала қақпасына айқыштап керіп ӛлтіреді де, 
оның денесін алуға ҧзақ уақыт рҧқсат бермейді. Мҧндай оқиғалар әрине
жергілікті халықтың наразылығын туғызған еді.
Бҧдан бҧрынырақ 1210-1211 жылдары қарлҧқ билеушісі Арыслан хан
Шыңғысханның қоластына ӛткен болатын. 1217 жылы ҧйғырлардың 
билеушісі Бҧзар да моңғол ханының вассалына айналған еді. 1218 жылы
Баласағҧн қаласы моңғолдарға соғыссыз беріледі.
Шығыс Тҥркістан мен Жетісуды басып алу моңғолдарға Оңтҥстік
Қазақстан арқылы Орта Азияға шапқыншылық жасауға жол ашты.
Бҧхараға қарай негізгі кҥшпен жылжыған Шыңғысхан Отырарды алу
ҥшін Шағатай мен Ҥгедейге бірнеше тҥмен әскер қалдырып кетеді, алты 
айдан кейін Отырар кҥйрейді. Сырдарияның жоғарғы және тӛменгі жағына,
сондағы қалаларды бағындыруға, егер қарсылық кӛрсеткен жағдайда 
қиратуға бҧйрық алған моңғолдардың бірнеше отряды жіберілді, нәтижесінде
Сығанақ, Асанас, Жент, Янгикент қалалары басып алынды.
Сӛйтіп, 1219-1224 жылдары моңғол басқыншылығы салдарынан
Қазақсан Шыңғысхан империясының қҧрамына енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет