Стан археологиясы



бет102/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Ақ Орда мемлекеті. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын ХІІІ ғасыр мен ХV 
ғасыр бас кезінде Ақ Орда мемлекеті алып жатты.
Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (XIV ғ.), Жошы ҧлысының шығыс 
бӛлігін (сол қанатын), әкесінің кӛзі тірісінде, ҥш інісімен бірге, Жошының
ҥлкен ҧлы Орда (Орда Ежен, Орда Ичен) алады. Бату хан ҧрпақтарына 
номинальды тҥрде вассал болғанымен, Орданың мирасқорлары іс жҥзінде
дербес билеушілер еді.
Орда Еженнің ҧлысына әуелгі кезде Жетісудің солтҥстік-шығыс бӛлігі,
Ертіс ӛңірі, Ҧлытау мен Кентауға дейінгі дала кіреді. Жайық, Ырғыз, Торғай, 
Тобыл мен Сарысу ӛзендері алқаптарында, Арал ӛңірінің даласы мен Тӛменгі
Сырдария бойында Жошының тағы бір ҧлы – Шәйбанның ҧлысы болды.
Енді Ақ Орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтҥстігіне кӛшеді де,
Сығанақ қаласы астанаға айналады.
Әсілі, осы оқиғаға байланысты мемлекеттің аты ӛзгергенге ҧқсайды:
бірқатар зерттеушілер Қазақстан жеріндегі осы бір мемлекетті Кӛк Орда деп 
атайды. Тегі, Орда Ежен иелігінің аты бастапқы кезде Кӛк Орда, ал
Шәйбанның ҧлысы – Ақ Орда деп аталса керек (бәлкім, Бату ханның бҥкіл 
иелігі – Шәйбан ҧлысын да қоса – Ақ Орда деп аталған шығар). Шәйбан
ҧлысы Орда ҧрпақтары иелігі қҧрамына кіргеннен кейін, бҥкіл мемлекет Ақ 
Орда деп аталып кетеді. Тарихи деректерде бҧл атау XV ғасырдан бастап
белгілі.
Ақ Орда дербес мемлекет ретінде, моңғолдан кейінгі кезеңде,
шаруашылық қайта тҥлеп жаңғыра бастаған, жергілікті тҥрік және 
тҥріктенген ақсҥйектер рӛлі кҥшейген жағдайда қалыптасты. Онда ежелден




274


Қазақстан даласын мекендеген тҥрік тілді тайпалар және Шыңғысхан
шапқыншылығы кезінде шығыс аудандардан осы араға ауып келгендер 
тҧратын.
Ақ Орданың саяси тарихын ҥш кезеңге бӛліп қарастыруға болады. 
Алғашқыдағы Ақ Орданың саяси тарихы Шығыс Дешті Қыпшақ жерін
Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ҧзақ кҥреспен ӛтеді, кейінірек 
Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласып кетеді, ал ӛз тарихының соңғы
тҥйінді (ҥшінші) кезеңінде Мауераннахр билеушісі Әмір Темір мен Темір 
ҧрпақтарының басқыншылығына қарсы кҥреседі.
Алтын Ордаға сырттай тәуелді болудан бҧлар XIV ғасыр орта кезінде 
Ерзен хан мен Мҥбәрак қожа (1320-1344) тҧсында ғана біржолата қҧтылады.
Ақ Орда XIV ғасыр 60-70 жылдары билік қҧрған Орыс-хан кезінде кәдімгідей 
нығаяды. Темір жаулаушылығына қарсы кҥрестің негізгі ауыр салмағы соған
тҥседі.

Әмір Темірдің Ақ Ордаға қарсы саясаты этникалық бірлесуді және


мемлекеттілік дамуды тежеді. 
Темірдің басқыншылық соғыстары мен ішкі талас-тартыстан XIV ғасыр
аяғы мен XV ғас бас кезінде Ақ Орда әлсіреп қалады. 1423-1428 жылдары 
Орыс-ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы ӛз әулетінің
билігін қалпына келтіреді, бірақ ол кӛп ҧзамай қаза табады, сосын Ақ 
Орданың басым бӛлігінің билігі Шәйбан ҧрпағы Әбілхайырдың қолына
кӛшеді.
Саяси жағынан іс жҥзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз
болған, сыртқы саясатта ӛзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының 
әулеттік жӛн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі XIV-XV
ғасырларда Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың, тайпалар мен 
халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рӛл атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет