Стан археологиясы



бет99/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Қимақтар мен қыпшақтар. VІІІ ғасырда Қимақ (Кимек) мемлекетінің
қалыптасу мен кҥшеюі басталады. Қимақтар тарихының ерте кезі Солтҥстік-
Батыс Моңғолиямен тығыз байланысты. VІІ ғасыр орта тҧсында олар Алтай
тауларынан солтҥстікте жатқан Ертіс алабындағы аудандарға қоныс 
аударады. VІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ІХ ғасырдың бас кезінде қимақ
тайпалары солтҥстік-батысқа – Оңтҥстік Оралға, оңтҥстік-батысқа – 
Жетісуға, Сырдария алабы мен Оңтҥстік Қазақстанға қарай жылжиды.
Эймүр, имек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлар секілді жеті 
тайпадан тҧратын қимақ федерациясы қҧрылып қалыптасады. Кимек
тайпалары басшысының байғу (жабғы) деген атағы (титулы) болған. Кимек 
тайпалары қағанатында ең кҥшті әрі ықпалды тайпа қыпшақтар болған еді.
VІІІ ғасырдан ХІ ғасыр бас кезіне дейін қимақтар шығыста Алтай мен
Ертістен, батыста Оңтҥстік Орал таулары мен Еділге дейінгі орасан зор
аумақта тіршілік етті.
ІХ ғасыр соңы мен Х ғасыр бас кезі аралығында Оңтҥстік Орал тау алды
аймағы мен одан оңтҥстікке таман ӛңірде қимақтарға туыстас куман 
тайпалары мекен етті. Олардың кӛшіп-қонып жҥретін негізгі облысы
Мҧғалжар таулары болды, мҧнда олардың астанасы орналасты. Олардан 
оңтҥстікке қарай – оғыздар мен қимақтар, батыста – печенегтер, солтҥстік-
батыста – бҧлғарлар, солтҥстік-шығыста – қыпшақтар ӛмір сҥрген болатын.
IX ғасыр бас кезінде Қимақ қағанаты қҧлағаннан кейін Қазақстан
аумағындағы әскери-саяси кҥш қыпшақ хандарының қолдарына ӛтеді. 
Қыпшақ ақсҥйектері оғыз жабғысын Орталық Қазақстаннан, Сырдарияның
тӛменгі және орта ағысынан, Арал маңы мен Каспий далаларынан 
ығыстырып шығарады.
ХІ ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде Дешті Қыпшақ (Қыпшақ 
даласы) атауы бҧрын жазба дереккӛздерінде қолданылып келген Мафазат 

әл-ғұз (Оғыз даласы) атауын ығыстырып шығарады. ХІ ғасыр орта тҧсында
қыпшақтар Еділ ӛзенінен ары қарай батысқа жылжи бастады, сӛйтіп Русь, 
Византия, Венгрия халықтарымен мәдени байланыстарға тҥседі. Дешті
Қыпшақ тарихи-географиялық облысы Ертістен Днестр ӛзеніне дейінгі 
аумақты алып жатты. Оны шартты тҥрде Еділ ӛзені алабы бойынша Батыс
Дешті Қыпшақ және Шығыс Дешті Қыпшақ деп екі ірі этноаумақтық бӛлікке 
жіктеуге болады.
Қыпшақ аумағы ӛзіне қыпшақ, сондай-ақ қимақ, куман, ежелгі башқҧрт 
және оғыз тайпаларын сіңірді. Оған ХІІ ғасырда Арал далалары шебін
мекендеген кӛптеген қаңлы тайпалары, сонымен қатар қарлҧқтар мен 
шігілдер де кірген еді.
ХІ ғасыр ортасына таман қыпшақ тайпалары шығыста Алтай мен Ертіс 
ӛзеніне шейінгі, батыста Оңтҥстік Оралға дейінгі, оңтҥстікте Балқаш кӛліне




270


шейінгі, ал солтҥстікте Оңтҥстік-Батыс Сібір орманды-далалы ӛңіріне дейінгі
кең байтақ аумаққа қоныстанды.
ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақ тайпалары Маңғыстау мен
Ҥстіртте оғыз тайпаларының топтарымен бірге кӛшіп жҥрді. 
Қыпшақ хандары оңтҥстікте ӛз мемлекеттерінің шекарасын кеңейтіп,
Тараз қаласының шетіне дейін жетті, мҧнда Қанжиек, Сеңгір бекіністерін 
тҧрғызған. Балқаш кӛлі қыпшақтар мен қараханидтер арасындағы табиғи
шекара болды. Шығыста, Алтай мен Ертістің жоғарғы ағысында қыпшақ 
жерлері қаңлы, найман және керейіт иеліктерімен шекараласты. Қыпшақ
хандығының солтҥстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Сібірден бӛліп тҧрған 
орманды-далалы аймақтан ӛтті. Батыста қыпшақтардың кӛршілері Еділ мен
Орал маңындағы бҧлғар және башқҧрт халықтары болды. 
Қазақстан аумағындағы қыпшақтардың кӛшіп-қонып жҥретін жерлері
Есіл, Тобыл, Нҧра, Елек пен Сарысу қойнаулары болған еді. Маңғыстау мен 
Ҥстірттегі қыстақтарынан олар жаздыгҥні Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық
(Орал) ӛзендерінің алабындағы жайлауларына кӛшті. 
ХІІІ ғасыр бас кезінде Мҧхаммед (1200-1220 жж.) басқарған Хорезмшах
мемлекетінің қҧрамына қыпшақтардың Сығанақ облысы да кірді, алайда 
Сығанаққа деген иелігін жоғалтқан қыпшақ хандары Хорезммен кҥресін
тоқтатқан жоқ. 1216 жылы осындай Қадыр-ханға қарсы жорықтардың бірінде 
олар Ырғыз ӛзеніне дейін жетеді де, Торғай даласында қыпшақтарға қашқан
меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан әскерімен кездесіп қалады. Бҧл 
моңғолдардың Қазақстан аумағына бірінші рет келуі еді. Осыдан кейін кӛп
ҧзамай-ақ моңғол шапқыншылығы басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет