Стан археологиясы



бет148/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Қалалар функциясы. Бҧрынғы кезеңдердегідей қыш ыдыстар
қалалардан қалалардан кӛптеп кездеседі. Ӛндіріске мамандану ӛріс 
алғандығы байқалады. Ірі шеберханалда су таситын қҧмыралар, екі
ҧстағышты ыдыстар мен хумдар секілді бҧйымдардың белгілі бір тҥрлері 
жасалды. Ашық аулаларда орналасқан пеші бар шағын шеберханалардан да
мамандандырылу сипаты байқалады. Олар ҧсақ және сырланбаған пиала, 
кесе, тостақша тҥріндегі ыдыстарды ӛндірді.
Ҧсталық және металлургия бҧрынғыдай қалаларда кең таралған. Қала 
жҧрттарынан табылған крицтер мен темір балқытатын пеш қалдықтары ӛте
кӛп. Жер жыртатын қҧралдардың екі жалпақ темірден жасалған тҥріндегілер 
табылған. Соғылған қҧралдармен қатар қҧйма қҧралдары да ҧшырасқан.
Қолӛнершілер шойыннан қазандар да қҧйып шығарған. Шойыннан 
дӛңгелектердің тӛлкесі де жасалған, әдетте, олар қҧйып істелген. Бірнеше
темір кетпен табылды. Темірден орақтар мен балта-шоттар дайындалған. 
Темірден орақ, балта-шот, т.б. тҧрмысқа қажетті ҥшкір сымдар, шынжыр
сақиналар, ілгектер, шегелер дайындалды.
Этнографиялық байқаулар темір ӛндіру мен одан бҧйымдар жасау ісінде
мамандану боғанын дәлелдейді. Ең кӛп мамандану темір ҧсталығында 
байқалды.
Мыс ісі қаланың қолӛнер кәсіпшілігінде бҧрынғысы сияқты зор рӛл 
атқарды. Ол жӛнінде қола ыдыстың табылуы бойынша мәлім. Қоладан
қҧйылған бҧйымдардың саны кӛп тобы кӛлемі ҥлкенді-кішілі әр тҥрлі 
қоңыраулардан
қҧралады. 
Отырардағы
қазба

жҧмыстары


кезінде

қоңыраулармен басқа да бҧйымдар қҧюға арналған кішкене қалыптар


табылды.
Білезіктердің сынық бӛліктері кӛп табылған, бірақ ӛсімдік және нҥктелі
қақтаумен безендірілген бҥтіндері де бар. Білезік ҧшы кейде жыланның басы 
тәрізді етіп жасалды.
Зергерлер кәсіпшілікте тҥрлі-тҥсті тастарды: сердоликті, қызыл тасты, 
яшманы, кӛк тасты, жҧзақты, агатты, серпентиндерді, мӛлдіртасты кең
пайдаланған. Тастар моншақтар, жҥзіктердің кӛздерін дайындау ҥшін, 
сондай-ақ жҥзіктердің ӛздерін ӛңдейтін материал ретінде қолданылған.




381


Серпентиндерден, яшмадан, кӛк тас пен лағылдан жасалған ромб тәрізді
алқалар тобы да ерекшеленеді. Сондай-ақ тҥрлі – тҥсті тастардан қарсы 
ілгіштер, қапсырмалар және басқа заттар жасалған.
Қазба

жҧмыстары


кезінде

табылған


бҧйымдардың 
дәлелдеп
отырғанандай, зергерлік ӛнер жоғары даму деңгейінде болған. Шеберлер әр-
тҥрлі техникалық тәсілдерді: қақтау, қҧю, соғу, қалыптау, оймалау, қаптап
ширату, алтын жалату, кҥміс ойып орнату әдістерін білген және қолданған. 
Олар кҥміс және қола сымдар дайындау, тҥрлі-тҥсті тастарды қырлау мен
тегістеу, тесу әдісін білген.
Жоғары дамыған зергерлік ӛнер дәстҥрі Қазақстанда ХІХ-ХХ ғасырдың
басында да сақталып, дами тҥсті. Зергерлер басқа да қолӛнершілер 
бҧқарасынан ерекше болды. Олардың ӛнімдері сырттан әкелінген
бҧйымдармен бәсекеге ойдағыдай тӛтеп берді. Кӛптеген әшекейлердің 
ӛзіндік ерекшелігін, олардың пішімін, ӛрнектердің ҥлгілерін атап ӛту
маңызды, олардың арғы ҥлгілері Қазақстанның орта ғасырлардағы қалалары 
қолӛнершілерінің ӛнерінде жатыр.
Қола

қҧюшылар


белбеулерге 
айылбастар
мен

қапсырмалар,


кӛшпенділерде зор сҧранысқа ие тҥймелер мен кӛзі жоқ сақиналар 
дайындалды. Қҧюмен қатар металл ӛңдеудің басқа әдістерін: қалыптау,
оймалау, т.б. пайдаланды. Сірә, мыс пен қоладан бҧйымдар жасау 
техникасына мамандану орын алса керек.
Шыныдан ыдыс-аяқ пен әшекейлер (моншақ, алқа) жасалған. Ыдыстар 
арасында саптаяқ, тостағандар, бокалдарн, графиндер бар. Жасыл, сары,
қызыл және қызғылт шыныдан жасалған маржан кезіккен. 
Сҥйек ӛңдеу Қазақстан қаласындағы дәстҥрлі қолӛнер болған. Жабайы
аңдар мен ҥй жануарларының мҥйізі мен жілік сҥйектері ӛңдеу материалы 
ретінде пайдаланылды. Жылқы мен сиырдың ҧзынша сан жіліктерінен жҥн
ӛңдеуге арналған жылтыратқыштар, балалар бесігіне арналған жабдық 
(сувак) жасалған. Кәрі жіліктен кӛп мӛлшерде тескіштер мен біз жасалған.
Қҧмтас пен граниттен жасалған қол дирмендер қазба жҧмыстары кезінде 
ең жиі кездесетін олжалардың бірі болып табылады. Қол дирмендермен қатар
диаметрі 1 метрден 1,5 метрге дейін жететін дирмен тастарының қалдықтары 
табылды, олар жегілген мал кҥшімен айналдырылған.
Тастан мейлінше алуан тҥрлі мақсаттағы, салмағы 5 кг, ҧзындығы 30 
сантиметрге дейін болатын ірі келсаптардан ҧсақ келсаптарға дейін жасалды.
Ірілері кенді ҧсақтау ҥшін пайдаланылған, олар әдетте темір балқытылатын 
шҧңқырлармен бірге кездеседі. Ҥккіштер – қҧмтастан, кварциттен диаметрін
әр тҥрлі етіп жасаған тас ядролар, кӛп кездесетіне қарағанда, шаруашылық 
пен тҧрмыста кең қолданылған, мысалы, қҧйма компоненттерін жағу,
топырақты ҥгу ҥшін пайдаланылған. Пішіні мен кӛлемі әр тҥрлі қайрақ 
тастар олжалардың ең кӛп тобы болып табылады. Тастан жасалған
бҧйымдардың ерте заманнан келе жатқан, бҥкіл орта ғасырлар дәуірі бойы ӛз 
сипатын сақтап қалғанын атап ӛтуге болады.
Ӛкініштісі, тоқымашылық, кілем тоқу, теріден бҧйымдар жасау сияқты 
кең таралған қолӛнер бҧйымдары ӛте аз сақталған. Қалаларда мата тоқыған




382


тоқымашылардың болғанын ҧршықбастардың, сәкілерден маталар іздерінің,
мақта кӛрпелер қалдықтарының, жанып кеткен ірі мақта-мата кездемелер 
жыртындыларының табылуы дәлелдейді.
Сауда. Тҥркістан қалалары мен Қазақстан далалары арқылы Орта Азия
мен Ресейдің сауда қатынастарының қалыптасуы, нәтижесінде Қазақстан 
қалаларының экономикалық дамуы транзиттік саудадағы жаңа қҧбылыс
болды.
Орыс мемлекеті Орта Азиядан мақта-мата, мақта, жібек шикізатын, асыл
тастар, Шығыс қаруын алды. Қытай тауарлары Ресейге Орта Азия арқылы 
тҥсіп отырды. Қазақстан мен Орта Азияға Ресейден шҧға, атлас, айна, аң
терілері, кҥміс әкелінді. 
Сауда керуендері Қазақстанның Созақ, Қарашоқ, Тҥркістан қалалары
арқылы жҥріп ӛтетін еді. Рузбихан Сығанақты Дешті Қыпшақтың сауда 
айлағы деп атайды. Сығанақты суреттей келіп, былай деп хабарлайды: бҧл
елге «...Дешті жағынан, Хажы Тарханнан кӛптеген игіліктер, семіз қойлар 
және аң терісінен, киш пен тиннен, яғни бҧлғын мен тиын терісінен тігілген
тондар, берік садақтар, ақ қайыңнан жасалған жебелер, жібек маталар сияқты 
басқа да бағалы тауарлар және ӛзге де асыл бҧйымдар жеткізіледі...
Тҥркістан, Мауреннахр аймақтарының және Шығыстың кӛпестері Қашғар, 
Хотан шегінен Сығанаққа сол елдердің тауарларын әкеліп, Дешті
адамдарымен сауда мәмілелерін және айырбас жасайды». «Ясы қаласына, - 
деп атап ӛтеді сол автор, - тауарлар мен қымбат бағалы бҧйымдар әкеліп, сол
жерде сауда жасалады, ол (қала) кӛпестердің теңдерін шешетін жері және 
саяхатшылардың топтанып, елдерге аттанатын жері болып табылады».
Шығыс деректемелерінің деректерін археологиялық олжалар да растап 
отыр. Отырар, Тҥркістан, Сайрам қалаларының жҧрттарынан ХVІ-ХVІІ
ғасырлардағы қытай селодоны мен фарфоры табылды. 
Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының кӛшпелі дҥниемен
дәстҥрлі саудасы және жергілікті сауда жҥргізілді. Даладан мал, тері, жҥн, 
дайын бҧйымдар әкелінген. Мәселен, Сефидің 1582 жылы жазылған
шығармасында қазақтардың саудасы туралы қызықты хабар бар. Ол былай 
деп жазады: «Оларда қой, жылқы, мен тҥйе кӛп... Олардың шапандары қой
терісінен тігілген, олар тҥрлі тҥске боялып, атласқа ҧқсас болады, оларды 
Бҧхараға әкеліп, атластан тігілген шапандардың бағасымен сатады, олар
сондай сәнді әрі әдемі». Сырдария қалаларынан далаға астық, қала ӛнерінің 
ӛнімдері, мата апарылды.
Сауда-экономикалық байланыстың екі жаққа да зор маңызы болды, 
сондықтан қазақтардың кҥш-қуатын әлсіреткісі келген Шәйбанидің
қазақтардың қалаларда сауда жасауына тыйым салуға тырысқаны кездейсоқ 
емес. Қазақтардың қалалармен сауда байланысының тҧрақтылығын
қамтамасыз етуге ҧмтылуы қазақ және ӛзбек хандарының кҥресін туғызған 
себептердің бірі болды.
Қалалар тӛңіректегі егінші және кӛшпелі халықты қажетті товарлармен
базар арқылы жабдықтап ӛтырда. Қалалардың базарлары кӛшпелілердің




383


жабылған қатарлары болатын. Дҥкен-дҥңгіршек әдетте қолӛнерші шебердің
иелігінде еді және ол әрі шеберхана, әрі сауда жасайтын орын болды.
Тҥркістан қаласында дҥкендер болғанын Ахмет Ясауи кесенесінің
вакфтарына қатысы бар жазбаша қҧжаттардың мәліметтері де растайды.
Халықаралық сауданың және қалалар мен ӛнердің арасындағы,
жекелеген Сырдария қалаларының арасындағы сауданың мӛлшері туралы 
негізінен
Отырарды, 
Тҥркістанды
қазу

жҧмыстарынан


алынған

нумизматикалық материал бойынша білуге болады. Отырардан мыс


теңгелердің кӛптеген олжалары шықты, оларды екі топқа бӛлуге болады. 
Біріншісіне Яссы (Тҥркістан) мен Ташкентте соғылғандары жатады. Екінші
топ Орта Азия қалаларының (Бҧхара, Самарқанд және басқалар) теңгелерін 
қамтиды. Ҧсақ мыс тиындардың да Тҥркістан ақша сарайының ӛнімі болуы
мҥмкін. Оларда жазбалардың орнына керамика ыдыста бейнеленген 
таңбаларға ҧқсайтын әр тҥрлі белгілердің салынуы жиі кездеседі. Яссы
қаласында Абдаллах ІІ (1560-1583) әкесі Ескендір хан атынан кҥміс мәнеттер 
шығарылды. Бҧл ханның екі мәнеті Раң қалашығын қазған кезде табылған.
ХVІ ғасырмен мерзімделінетін мыс теңгелердің басым болуы бҧл 
кезеңде мыс қала рыногында маңызды рӛл атқарды деп пайымдау жасауға
мҥмкіндік береді. Бҧл сол замандағы бҥкіл Орта Азияға тән қҧбылыс еді. 
ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы мыс мәнеттердің айналымдағы сауалдары
Орта Азиялық нумизматикадағы аз зерттелген мәселенің бірі болып 
табылады. Кейінгі ортағасырлық мыс теңгелердің нақты айқын белгісі жоқ.
Ең кӛп тобын аниэпиграфтық теңгелер қҧрайды. Олардың бір жағында аң, 
екінші жағында қҧс бейнеленген, аң бейнеленген кейбір теңгелердің екінші
жағы тегіс.
Мыс кӛмбелердің мерзімін анықтауға олардың біреуінде Алексей
Михайлович патшаның есімі кездесетін 1655-1663 жылдары соғылған отыз 
орыс тиынының болуы негіз береді.
Қалалардың аты қойылмай соғылуында іс жҥзінде әлдебір саяси және 
фискалдық мақсаттар кӛзделмеген, қалалар ӛмірінде рӛл атқарған рыноктық
сауданы қамтамасыз етуге ғана арналған.
ХVІІ ғасырдың аяғынан басталатын уақыт Отырар, Сауран, Сығанақ,
Аққорған, Ҥзгент ӛмірінің бітуімен баланысты, бҧл қалалардың
жҧрттарынан таьылған нумизматикалық олжаларда ол кӛрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет