Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты


Стандарт Зимницкий байқауына зәрді жинау



бет53/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.
245-Artikeltext-947-1-10-20180704, Методичка микробиология, 5. Босануды 3-ші кезе ін белсенді ж ргізуді негізгі а идалары
Стандарт Зимницкий байқауына зәрді жинау.
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің коюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік (күндіз және түнгі) диурездерді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын 8 контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты, порцияның №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:
    зерітеуді жүргізу алдында зэр шығаратын препараттарды қабылдау

тоқтатылады; бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеу болдырмауын; зәр жинау кезінде бір тәулікте жиналған сұйықтық есепке алынады.

  1. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

  2. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 порция - сағат 6-дан 9-ға дейін,

№2 порция - сағат 9-дан 12-ге дейін,

№3 порция - сағат 12-ден 15-ке дейін,

№4 порция - сағат 15-тен 18-ге дейін,

№5 порция - сағат 18-ден 21-гс дейін,

№6 порция - сағат 21-ден 24-ке дейін,

№7 порция - сағат 0-ден 3-ке дейін,

№8 порция - сағат 3-тен 6-ға дейін.



  1. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінін кезенде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

  2. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апарыңыз.

Ескерту: Егер де дайындалған контейнерге зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.

Зимницкий байқауы - бұл бүйрек қызметін функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы анықтауға негізделген. Бұл байкау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен аздап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншік салмағын анықтау, мсншікті салмағының мөлшср тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдәң меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесін мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрді жеке үлесі мөлшернің тербелу диапазонын анықтайды. Қалыптағы бүйрек кызмстіне тән:

Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады

Барлық 1 тәулікте ішкен сұйыктықтың 60-80% зәрмен бөледі.

Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

Зәр мөлшері жеке үлссінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет