Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты


Стандарт Қантты анықтауға зәрді жинау



бет55/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.
245-Artikeltext-947-1-10-20180704, Методичка микробиология, 5. Босануды 3-ші кезе ін белсенді ж ргізуді негізгі а идалары
Стандарт Қантты анықтауға зәрді жинау.

Мақсаты: зәрден қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатын контейнерді, сыйымдылығы 3 л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

  2. Танертеңгі сағат 6-да науқас куығындағы зәрді унитазға босатуы

қажет.

  1. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстінен құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

  2. Бір тәулікте барлық болінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

  3. Қолғапты киіңіз.

  4. 3 литрлік банкімен бір тәуліктік диурезді (зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.

  5. 3 литрлік банкіден барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

  6. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).

  7. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу максатын, күнін, бір тәулікте болінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

  8. Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.

  9. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: Қалыптағы зәрде глюкоза іздің түрінде болады, 0,02% промильден жоғарыламайды.Зәрден қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар). Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, гемохроматозда байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет