Стандарт Розин байқауын жүргізу (зәрдегі билирубинді анықтау - саналы байқау).
Мақсаты: диагностикалық (зәрден өт пигменттерін анықтау).
Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт- ректификатпен белгіге дейін құяды), немесе Люголь ерітіндісімен, таза құрғақ, шыны пробирканы, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған ыдысты.
lc-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.
4-5 мл зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.
Пробирканың қабырғасы бойымен абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь еірітіндісін тамызғышпен тамызыңыз.
Қараңыз: пробиркадағы ерітінділердің шекарасында жасыл сақина пайда болады (егер де билирубин болса).
Қолғапты шешпей, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Қолданған тамызғышты, пробирканы, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Стандарт Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау.
Мақсаты: диагностикалық (зәрдег ібилирубинді анықтау).
Достарыңызбен бөлісу: |