Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.
Қайнатылған сумен және сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.
Салфеткаларды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей кақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.
Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын түтіктің тесігі жанынан ұстаңыз.
Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.
Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.
Контейнерді қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.
Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Киініңіз
Зәрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.
Ескерту: зәрді биксте жолданысымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;
материалды жібергенге дейін тоңазытқышта (4-6 С сақталуы қажет);
зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросентиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;
егер де зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |