Стандарт Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдер үшін). Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету. Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатын контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа зәрді жинау мақсаты ережесі туралы мәліметті беріңіз.
Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.
Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |