Стандарт Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу.
Мақсаты: нәжістен іш құртының жұмыртқасын табу. Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртының түрін анықтау.
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз танертең нәжісті жинауды.
3. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз: науқас нәжісті алар алдында қолғапты киюі қажет; үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, науқас нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісін қалақшамен алып, даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.
Науқас қолғапты шешіп, контейнерге салады, қолын жуып және құрғатуы қажет.
Контейнер ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минуттан кешіктермей).
Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |