Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.
Шыны түтік арқылы сүңгілерді жалғастырыңыз.
Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.
Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.
Науқастан аузын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.
Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.
Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.
Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.
Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.
Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.
Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз.
Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.
Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.