АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ӘДІСПЕН ЖУУ
бет 5/5 Дата 11.06.2020 өлшемі 86,21 Kb. #73150
Байланысты:
стандарт (1) АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ӘДІСПЕН ЖУУ
Мақсаты : емдік: уытсыздану – уытты заттардың әсер етуін тоқтату және оларды организмнен шығару.
Дигностикалық: химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың уыттарын жуынды судан анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен , дәрілермен, химиялық заттармен улану.
Дайындаңыз: ішінде суы бар 2-3 л ыдысты , стаканды, сүлгіні немесе салфеткаларды , дезинфектанты бар контейнерді, жуынды суға арналған ыдысты (шылапшынды).
Іс-әрекет алгоритмі:
Орындыққа науқасты отырғызыңыз ;
Науқастын аяғына жуынды суға арналған ыдысты қойыңыз;
Науқастың кеудесін сүлгімен немесе салфеткамен жабыңыз ;
Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз;
Науқасқа 4-6 стакан суды қатарынан ішуге ұсыныңыз ;
Құсық рефлексін шақыру үшін оң немесе сол қолдың 2-3 саусақтарымен, шпательмен тілдің түбірін тітіркендіруін науқастан сұраңыз.
«Таза жуынды су» алынғанша емшараны бірнеше рет қайталаңыз ;
Науқасқа ауызын шайқау үшін су беріңіз, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз;
Ескерту:
Белгісіз у мен уланғанда құсығын таза құрғақ банкаға жинаңыз ;
Банкінің қақпағын тығыз жабып, жолдаманы толтырып лабораторияға зерттеуге апарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: