Сенім коэффициенті – шекті ауытқуға ықтималдың әсерін анықтайтын коэффициент.
Тақырып 5 Экономикалық индекстер
5.1 Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Индекс- уақыт ішінде, кеңістікте немесе жоспармен кез-келген әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың шамасының қатынасын көрсететін қатысты шама. Сонымен қатар индекстер бір көрсеткіштердің мәнінің өзгерісінің басқалардың динамикасына әсерінің деңгейін анықтайды, нақты бағадан салыстырмалы бағаға макроэкономикалық көрсеткіштердің ауысуының мәнін есептецді, әр аймақ бойынша көрсеткіштер қатынасын өлшейді және т.б.
Индекс сөзі көрсеткіш деген мағынаны береді.
Үйреншікті жағдайда салыстырмалы көрсеткіштер әртүрлі элементтерден тұратын құбылыстарды сипаттайды, оларды өлшеу мүмкін еместігінен қосуға болмайды.
Индекстер қатысты санмен көрсетіледі.
Индекстер мәні мынада:
ұлттық экономиканың дамуын толық және жеке салалары бойынша сипаттайды;
кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесін талдайды;
маңызды экономикалық көрсеткіштерді құруда жеке факторлардың ролін зерттейді;
өндіріс резервтерін айқындайды және т.б.
индексті әдістің өзінің символикасы мен терминологиясы бар:
q-натуралды формадағы кез-келген бір өнімнің саны (көлемі);
p-тауар бірлігі бағасы;
z- өнім бірлігінің өзіндік құны;
T- уақыттың жалпы шығыны (Т=p*q) немесе жұмысшыларды саны
П- егіс көлемі
У- егіншілік
p*.q- берілген түрдің өндірілген өнімнің жалпы құны
z.*q- барлық өнімді өндіруге кеткен шығындар
5.2 Индекстер топтамасы:
құрастыру формасы бойынша:
салмағы бойынша:
тұрақты салмақпен;
ауыспалы салмақпен;
зерттейтін объектінің сипаты бойынша:
құбылыстың құрамы бойынша:
Индекстерді есептеуде салыстырмалы деңгейді және базисті деп аталатын салыстыру жүргізілетін деңгейді бөліп қарайды. Салыстыру базасын таңдау зерттеу мақсатымен анықталады.
5.3 Бір аттас құбылыстардың динамикасын зерттеу салыстырудың, динамикалардың және жоспарды орындаудың белгілі қатысты шамалары болып табылатын жеке индекстер (і) көмегімен зерттеледі.
Салыстырылмайтын элементтерден тұратын жиынтықтарды өлшеу топтық немесе жалпы индекстер көмегімен зерттеледі.
Соңғылары құрастыруәдісі бойынша агрегатты индекстер және жеке индекстерден орташа салмақталған болып бөлінеді.
5.4 Негізгі индекстердің арасында өзара байланыс бар, олар бір индекстің негізінде басқа индекстерді алуға мүмкіндік береді:
- өнім құны индексі- бағалар мен өнімдердің физикалық көлемінің индекстерін шығару,
- өнім шығыны индексі дегеніміз өнімнің өзіндік құнының индексін шығарылған өнімнің физикалық көлемінің индексіне шығару;
- тауарайналым индексі – баға индексі мен тауарайналымның физикалық көлемінің индексін шығару.
Егер сапалық көрсеткіштер индексі ағымдық кезең деңгейінде алынған салмақтар негізінде құрастырылған болса, онда қарастырылған жоғарыдағы агрегатты индекстер, с.қ. олардың элеметтері бір-бірімен өзара байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |