«Статистика»


Тақырып №4. Ішінара бақылау



бет15/28
Дата07.02.2022
өлшемі253 Kb.
#94838
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Тақырып №4. Ішінара бақылау


1. Ішінара бақылау-бұл жаппай емес бақылау, мұнда зерттеуге жататын бірліктер кездейсоқ тәртіппен алынады, алынған бөлік зерттеледі, ал нәтижесінде алынған бірлік бөлігі жиынтықты көрсетеді, тек кішірек масштабта.
Ішінара бақылау мәні:

  • қысқы мерзімде және азайтылған еңбекпен, материалдармен және ақшалай шығындармен жүргізіледі;

  • жаппай бақылауды жүргізу мүмкін емес жағдайда жүргізіледі, себебі кейде ішінара бақылау ғана жүргізілуі мүмкін, мысалы өнімнің сапасын тексеруде алынған бірліктер жойылатын болса;

  • жаңа әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды алдымен статистикалық талдау әдісін дамыту үшін ішінара әдіспен зерттейді. М: шағын кәсіпкерлік, тауар нарығы және т.б.

  • бақыланатын жиынтықтың шағын көлемі тіркеу қателегі санын азайтады.

Ішінара бақылау мақсаты – алынған бірлік бөлігі белгісінің орташа мәнін пайдаланып, жетерлік дәлдікпен сол топтағы барлық бірліктердің көрсеткіштернің шамасы туралы қорытынды беру.
Ішінара бақылаудың негізгі мінездемелеріне жатады: іріктеме көлемі, жалпы жиынтық көлемі, орташа ішінара, жалпы орташа, ішінара бөлік, жалпы бөлік.
Ішінара бақылау әдістемесі:
А) жалпы жиынтықтан кездейсоқ тәртіппен іріктелген жиынтық алынады.
Б) әр бірлікке зерттелетін сандық немесе альтернативті (сапалық) белгісі мәні анықталады.
С) алғашқы мәліметтер негізінде орташа ішінара (сандық белгісі бойынша) немесе ішінара бөлік (альтернативті белгісі бойынша) есептеледі.
Д) ықтималдың белгілі бір деңгейімен жалпы орташаның ауытқуы шекарасын береді немесе ішінара орташадан бөлікті береді.
Іріктеу жүргізу әдісі бойынша қайталанатын және қайталанбайтын болады.
Іріктеу түрлері: механикалық, кездейсоқ, типтік, сериялық, жинақталған.
Ішінара жиынтық – бұл бас жиынтықтың бөлігі ғана, сондықтан бас жиынтықтың қорытынды сипаттамасы ішінараның алынғвн сипаттамасынан бір шамаға алшақтанады.
Ішінара орташа (бөлік) мен жалпы орташаның (бөліктің) арасындағы алшақтану шамасы туралы тек белгілі бір ықтималмен айтуға болады, ол сенім коэффициентіне байланысты. Ішінара орташаның жалпы орташадан ауытқу ықтималы арнайы кестеде мына фрагментпен беріледі:



Ықтималдылық, Р

0,683

0,954

0,997

0,999

Сенім коэффициенті, Т

1

2

3

4

Ықтималдылық мыңның қанша жағдайында жалпы орташа бекітілген шекте болатынын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет