Интелектуалдық логикалық тапсырма. Эвристикалық деңгей Оқушыларға тапсырманы орындауға арналған парақтар таратылады.Мұғалім әр сұрақты тек бір рет оқитынын ескертеді. Дұрыс жауаптар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. /
1-ші. 1-ші торкөзге параллелепипед сөзінде неше әріп барын жаз.
2-ші. 3-ші торкөзді үш бөлікке бөліп ортаңғы бөлігіне шеңбер ұзындығының формуласын жаз.
3-ші. 20-ші торкөзге дөңгелек пен квадрат сыз. Квадраттың ішіне 5 санын, дөңгелектің ішіне 4 санын жаз.
4-ші. 7-ші торкөзге тең қабырғалы үшбұрыштың ауданының формуласынның ең үлкен дәрежесін бесінші дәрежеге дәрежелеп, нәтижесін жаз.
5-ші. 9-шы торкөзге призма сөзін жаз, дауысты дыбыстардың астын сызып, дауыссыз дыбыстардың үстіне нүкте белгіле.
6-шы. 17-ші торкөздің оң жоғарғы бұрышына екі таңбалы ең кіші жай санды жаз, төменгі сол бұрышына ең үлкен бір таңбалы жай санды жаз.
7-ші. 11-ші торкөзге эллипс сызып оның ішіне конус сөзін кері қарай жаз.
8-ші. 13-ші торкөзге шеңбер сызып ішкі бөлігіне үш нүкте, сыртқы бөлігіне төрт тырнақша сал.
9-шы. 15-ші торкөзге бесбұрышты призманың неше қыры бар болса, сол санды үшке бөліп нәтижесін жаз.
10-шы. 19-шы торкөзге ромб сызып, оған іштей дөңгелек сыз, оның ішіне 2,7,13 санын жаз.