Стереометрия есептерін шығару (қолданбалы курс бағдарламасы, 11 сынып)



бет1/31
Дата18.10.2023
өлшемі3,72 Mb.
#186454
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Стереометрия есептерін шығару. Казжанова ГЗ
20163550, Тесты терапевт. 7 курс 3, 1569074137-KTP-KTZh-English-plus-5-Grade, ҚМЖ, тәрбие сағаты слайд, Мемелекеттік тілде іс жүргізу-2021 емтихан сұрақтары, курсовой улгиси — копия, Адал ұрпақ жоспар 2022-2023



Стереометрия есептерін шығару


(қолданбалы курс бағдарламасы, 11 сынып)

2022 ж
Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесінде қаралып,облыс педагогтеріне таратуға ұсынылды.
Хаттама № 2 08.04.2022 жыл
Құрастырушы:
1. Казжанова.Г.З. - Мичурин «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі

Пікір жазған:
1.Жумагалиева.А.Е. - М.Өтемісов атындағы БҚМУ ф.м.ғ.к, доцент
2.Жасбулатова.Ү.А. – Махамбет жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы санатты математика пәні мұғалімі

Бұл қолданбалы курстың бағдарламасы жаратылыстану– математика бағытында оқитын оқушыларға және мұғалімдерге арналған.


Бағдарламада геометрияның негізгі бөлімі стереометрияның, яғни кеңістік фигураларының аудан табу және көлемдерін табу есептерін шешу жолдары қарастырылған.


Мазмұны
1.Түсінік хат...................................................................................................................3
2.Мақсаты......................................................................................................................4
3.Оқу материалының мазмұны.....................................................................................5
4.Күнтізбелік тақырыптық жоспар..............................................................................6
5.Қосымшалар..............................................................................................................57
7.Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................70


Түсінік хат
Оқушылардың кеңістік жөніндегі математикалық ойлау қабілетін шыңдауда орта мектеп геометриясының тигізер әсері мол. Әсіресе болашақта физика- математика және техника мамандығын алғысы келетін оқушылардың мектепте ойша түрлендіріп, абстракциялы түрде сызылатын кеңістіктегі геометриялық фигураларға әртүрлі өлшеулер жүргізе білуінің айтарлықтай мәні бар. Геометрия ұғымдары дүниеде кездесетін заттардың дербес физикалық қасиеттерін еске алмай, абстракциялап, олардың тек мөлшері мен өзара орналасуын ғана қарастыру нәтижесінде пайда болған. Геометрияны оқытудың аса маңызды міндеттерінің бірі кеңістіктегі объектілерді ойша көз алдына елестете отырып, оларға әртүрлі амалдар қолдана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Дайын формулаларды қолдана отырып, кеңістік фигураларының бетінің, толық бетінің аудандарын, көлемін есептегенмен, кеңістіктегі жай фигуралар арасындағы қатыстарды анықтауда қиналады.
Курсты енгізу мақсаты, курс мазмұны, оқуды ұйымдастыру, практикалық сабақтар арқылы оқушыға өз қабілетін, білім алу жолындағы көзқарасын бағалай білуге және жоғары деңгейде жұмыс жасауға жол ашады.
Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар оқушылардың ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады.
Курс бағдарламасы 11 сыныпқа арналған, аптасына 1 рет 34 сағатқа есептелген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет