7. Кеңістік денелерінің ауданын табу есептері – 3 сағат
Кавльери принципі, кеңістіктегі фигуралардың ұқсастығы, ұқсас фигуралардың көлемдері,
«Стереометрия есептерін шығару».
Календарлық тақырыптық жоспар.
11– сынып.
Сабақ №
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Уақыты
|
1
|
Көпжақ түрлері
|
1
|
|
2
|
Призма және оның түрлері
|
1
|
|
3-4
|
Параллелепипед,оның қасиеттерін қолданып есептер шығару
|
2
|
|
5-6
|
Призманың ауданын табуға есептер шығару
|
2
|
|
7-8
|
Призманың көлемін табуға есептер шығару
|
2
|
|
9
|
Пирамида және оның түрлері
|
1
|
|
10-11
|
Пирамиданың бетінің ауданын табуға есептер шығару
|
2
|
|
12-13
|
Пирамиданың көлемін табуға есептер шығару
|
2
|
|
14
|
Қиық пирамида,оның бетінің ауданын табу есептері
|
1
|
|
15-16
|
Цилиндр және оның бетінің ауданын табу есептері
|
2
|
|
17-18
|
Цилиндр және оның көлемін табу есептері
|
2
|
|
19-20
|
Конус және оның бетінің ауданын табу есептер шығару
|
2
|
|
21-22
|
Қиық конус,оның бетінің ауданын табуға есептер шығару
|
2
|
|
23-24
|
Конус, оның көлемін табуға есептер шығару
|
2
|
|
25-26
|
Қиық конус,оның көлемін табуға есептер шығару
|
2
|
|
27
|
Сфера және шар. Сфераның теңдеуі
|
1
|
|
28-29
|
Шардың және оның бөліктерінің ауданы
|
2
|
|
30-31
|
Шардың және оның бөліктерінің көлемі
|
2
|
|
32
|
Геометриялық фигуралардың комбинациясына арналған есептер
|
1
|
|
33-34
|
Кеңістік денелерінің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер
|
2
|
|
Барлығы
|
34 сағат
|
|
Сабақ №1
Сабақтың тақырыбы: Көпжақ түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көпжақтар, элементтері, түрлері, бүйір бетінің ауданы,
толық бетінің ауданы, көлемдері туралы білімдерін дамыту, әртүрлі әдіс-
тәсілдерді қолдану;
Дамытушылық: көпжақтар туралы білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Танымдылық: есептерді шешудің тәсілерін таңдау және құру; логикалық
ойлауды қалыптастыру, қорытынды жасау.
Коммуникативтік: ортақ шешім табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру;
Жеке тұлғалық: жаңа заман талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада
дүниетанымын дамыту.
Кажет құрал –жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, көпжақтар, компьютер, проектор, презентация.
Сабақтың өту барысы:
Сыныпты қарсы алу, сәлемдесу; «Шаттық шеңбері» -
Мақсаты: ҰБТ- ны жақсы тапсыруға өз тілектерін айту.
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын,
ҰБТ-да жолың болып,
Болашағың жарқын болсын!
Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау – «Көпжақтар» тақырыбына «Кроссворд шешу». Егер сендер мына кроссвордты дұрыс шешсеңдер, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы айқындалады. Бүгінгі сабағымыз басқа сабақтардан өте ерекше болмақ.
Cұрақтары:
Барлық қырлары тең тікбұрышты параллелепипед – куб.
У=2х+1 қандай функция- өспелі.
Жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер- параллель
Стереометрияның негізгі фигураларының бірі- жазықтық.
Дұрыс пирамиданың бүйір жағынан түсірілген биіктік- апофема.
Нүктенің арақашықтығын сақтайтын кеңістіктегі түрлендіру- қозғалыс.
Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем- теорема.
Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем- аксиома.
Шеңбердің центрінен оның кез-келген нүктесіне дейінгі қашықтық- радиус.
Крассвордты шешу арқылы оқушылар сабақтың мақсатын өздері айқындайды.
- Бүгінгі сабағымызды өткізу үшін сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтап алдық.
«Фронтальды сұрақтар» қою:
«Призма» тақырыбына арналған сұрақтар:
Призманың қандай анықтамасын білесіңдер?
Призманың түрлері қандай?
Призманың элементтерін атаңдар.
Призманың диагональдық қимасы қалай өтеді?
Дұрыс призма деп қандай призманы айтамыз?
Призманың бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданы қалай есептеледі?
«Пирамида» тақырыбына арналған сұрақтар:
Пирамиданың қандай анықтамасын білесіңдер?
Пирамиданың түрлері қандай?
Пирамиданың элементтерін атаңдар.
Пирамиданың диагональдық қимасы қалай өтеді?
Дұрыс пирамида деп қандай пирамиданыны айтамыз?
Пирамидадан қиық пирамиданы қалай алуға болады?
«Дұрыс көпжақтар» тақырыбына арналған сұрақтар:
Қанжай көпжақ «дұрыс көпжақ» деп аталады?
Дұрыс көпжақтың түрлерін атаңдар.
Сергіту сәті- 1мин.
Бой сергітетін жаттығу жасап, тынығып алдық.
Енді біз көпжақтарға арналған есептерді шешеміз. Ол үшін жұптық жұмыс жүргізейік.
Әр жұпқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Жұптар оқушылардың деңгейіне байланысты беріледі.
Жұптық жұмысты тексеру критерийлері беріледі.
Жинақталып, тиімді әдіс- тәсілдерді қолданып, уақытты үнемдеп, барлық алған білімдеріңді тиімді қолдануларыңды сұраймын.
Есеп:
Тік бұрышты параллелепипедтің биіктігі 8см, ал оның табан қабырғалары 6 см және 5 см. Параллелепипедтің көлемін табыңдар.
Жауабы: 8*6*5=240 см3.
Есеп:
Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 22см, ені 10см, биіктігі 16см тең. Параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар.
Жауабы: 1464см2.
Есеп:
Пирамиданың табан қабырғалары 6см, 10см, 14см болатын үшбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры табанымен 450 бұрыш жасайды. Пирамиданың көлемін табыңдар.
Жауабы: 70см3.
-Алғашқы дұрыс шығарған жұп тақтаға жазып, шығарып көрсетеді.
-Көпжақтар күнделікті өмірде қолданылады ма?
Иә: архитектурада, құрылыста, ауыл шаруашылығында.
Біздің негізгі мақсатымыз – мектептегі алған білімімізді өмірде дұрыс қолдана білу. Сондықтан, мен сендерге күнделікті өмірмен байланысты есеп ұсынғым келеді.
Есеп:
сурет 2- сурет
Мына суретте тұрғын үй берілген. Бұл үйдің шатыры пирамида тәріздес.
2-суретте осы шатырдың математикалық моделі берілген және кейбір қырларының ұзындықтары берілген.
Берілген суретте шатырдың едені- АВСД квадрат, EFGHKLMN- тұрғын үйдің шатырын ұстап тұратын бөренелердің пішіні – тікбұрышты параллелепипед болып келеді. Е- АТ қырының, Ғ- ВТ қырының, G- СТ қырының, H- ДТ қырының ортасы. Пирамиданың барлық қырлары тең және олар 12см- ге тең. Осы тұрғын үйдің шатырының көлемін табыңдар.
Жауабы: 288 м3
Сабақ №2
Сабақтың тақырыбы: Призма және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
1) Призманың анықтамасын, «тік призма», «дұрыс призма», «көлбеу призма» ұғымдарын енгізу.
2) Призманың бүйір беті, толық беті ауданын формулаларын жете білу, танымдық қабілеттерін дамыту.
3) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу; Назарларын сабаққа аудару; Оқу – құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын оқушылардан сұрақ қою арқылы тексеру. «Кім көп біледі, сол ұтады»(қайталау сұрақтары)
1. Тұйық облыс дегеніміз не? Жауабы: Шекара мен ішкі облыстың бірігуін айтамыз
2. Кеңістіктік облыс дегеніміз не? Жауабы: Бір жазықтықта жатпайтын , кем дегенде төрт нүктені қамтитын облысты айтамыз
3. Дене дегеніміз не? Жауабы: Тұйық кеңістіктік облыс дене, ал егер ол шектелген болса, оның шекарасы дененің беті деп аталады.
4. Көпжақ дегеніміз не? Жауабы: Беті саны шектеулі көпбұрыштардың бірігуінен тұратын денені айтамыз
5. Дөңес көпжақ дегеніміз не? Жауабы: Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез-келгеніне қарағанда тұтастай бір жақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ дейміз
Достарыңызбен бөлісу: |