оқушылардың белгілі бір білім, білік, дағдысын қалыптастыруға, математикалық ойын дамытуға, тәрбиелік сипатта қол жеткізуге бағыттау;
оқушылардың стереометрия бөліміндегі кеңістік фигураларының аудандарын және толық бетінің аудандарын табуда білімдерін жалпылау және жүйелеу;
оқушыларға кеңістік фигураларына берілген есептердің кейбір қысқа әдістерімен таныстыру;
Курстың міндеттері:
оқушылардың кеңістік жөніндегі түсінігін жан жақты дамыту;
геометриялық есептердің түрлерін және оларды шешудің тәсілдерін таныстыру;
белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы оқушылардың ойлауын толық тұжырымдай алуға тәрбиелеу;
экономика,өндірісті дамыту үшін ғылым прогресіне қажеттілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
экономика мен байланысты мамандыққа бағдар беру;
Күтілетін нәтиже:
қиындығы әр түрлі стереометрия есептерін шеше білу;
қиындығы жоғары стереометрия есептерін шешуде теориялық білімді қолдана білу;
өмір жағдайларында математикалық әдістерді қолдана алу;
өздігінен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алу;
практикалық есептерді шығармашыл есептей алу қажет;
Пән аралық байланыс: алгебра, сызу.
Өткізу формалары: лекция, семинар- практикум.
Оқу материалының мазмұны мен құрылымы: 1.Көпжақ түрлері – 1 сағат. Көпжақтың анықтамасы, көпжақ туралы түсінік, көпжақтың элементтері, қасиеттері.
2.Призма– 7 сағат. Призма және оның қасиеттері, параллелепипед және оның қасиеттері, призманың жазбасы, призма бетінің ауданы, призманың көлемі.
3. Пирамида – 6 сағат. Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері, қиық пирамида, пирамиданың жазбасы, пирамиданың бетінің ауданы, пирамиданың көлемі.
4. Цилиндр – 4 сағат. Цилиндр - айналу денесі, цилиндрдің анықтамасы, цилиндрдің қимасы, цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы,цилиндрдің көлемі.
5. Конус – 8 сағат. Конус – айналу денесі, конустың анықтамасы, конустың жазықтықпен қимасы, конустың жазбасы және бетінің ауданы, іштей және сырттай сызылған конустар, қиық конус, айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы, конустың көлемі.
6. Сфера және шар– 5 сағат. Сфера мен шардың анықтамасы, қасиеттері, шар мен сфераның жазықтықпен қимасы, сфераға жанама жазықтықтар, дөңгелек сфера мен шардың бөліктері, шар бетінің және оның бөліктерінің аудандары, көлемдері.