Үстеу (Наречие) Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі


Негізгі үстеулердің мынадай ерекшеліктері бар



бет2/6
Дата19.04.2022
өлшемі2,12 Mb.
#139913
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
типология үстеу Шайхоллаева Зарина

Негізгі үстеулердің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады, яғни оларға -рақ-рек, -ырақ-ірек, -лау-леу, -дау-деу, -тау-теу жұрнақтары және күшейтпелі шырай тудыратын өте, аса, тым, т.б. сияқты көмекші сөздер тіркесіп қолданылады. Мысалы: әрі - әрірек - әрілеу - тым әрі, т.б.
Орыс тілінде де үстеулерге шырай тұлғасы тән. Салыстырмалы шырай тұлғасы -ее, -ей, -ше жұрнақтары мен по - сөзалды қосымшасы арқылы жасалады: побыстрее, быстрей, т.б.
Ал күшейтпелі шырай тұлғасы аналитикалық тәсіл арқылы, яғни всех, всего есімдіктерінің салыстырмалы шырай тұлғасымен тіркесуі арқылы жасалады: лучше всех, больше всего, т.б.
Үстеулерден шырай жасалуы үстеулердің сын есімге жақындығынан ба, әлде шырай категориясының сын есімге де, үстеуге де ортақтығынан ба деген сұрақ туады. Кейбір сапалық сын есімдердің үстеу қызметін атқаруы да (Сенің келгенің жақсы болды) осындай сұраққа жетелейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет